Вторник, 28 июля 2020 13:01

Зират тұсынан шағын көпір салынды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Шортандылықтар үшін Мықтыкөл ауылы жанындағы зиратқа бару жақын болғанымен, қайта кері қайту ұзақ жол еді. Ондағы жатқан жақындарына зират етіп немесе қайтқандарын апарып қоюын қойса да, кері қайтар жолда қысы-жазы алыстап, Еңбек ауылының көпірімен айналуға мәжбүр болатын еді. Бұл дегеніміз 50 шақырымдық жол жүру. Енді міне, мешіт имамы Разданұлы Бақытбол мен Шортанды кентінің тұрғыны Әпшүкірұлы Кенжебайдың  ұйымдастыруымен Қалутан өзеніне шағын көпір салынып, зиратқа барғандар үшін жол екі есеге жуық қысқарды.

Өмір бар жерде өлім бар. Бұл дүниеден аттанған жақындарын жер қойнына тапсырып, арулап қою әрбір мұсылман баласының басты парызы. Бірақ, артынан сол жақындарының зиратының басына барып, құран бағыштап, аят оқып, жаратқанынан дұға тілеу дәстүрімізге сіңісіп кеткен салтымыздың бірі.  Сондықтан болар «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген нақыл сөз қалғаны.

Мықтықөл ауылы маңындағы зираттың жанындағы өзенге көпір салу шортандылықтар үшін көп жылдан бергі арман еді. Өткен жылы осы Қалутан өзеніне жеңіл көлік өтетін өткел жасауға жұрт болып жұмылып тырысып көргенімен, өзен өткел бермеді. Сөзден іске бел буған азаматтардың арқасында өткен аптада өзеннің зират тұсына тұрғындар өз күштерімен шағын көпір салып, зиратқа барушылардың жолын біршама қысқартты.

«Күш – бірлікте», «Ынтымақ – ұйымнан» дейді дана халық. Игі іске жұмылған Степной, Мықтыкөл, Дамса ауылдары мен Шортанды кентінің азаматтары қаржы жинап, күш біріктіріп, өз күштерімен шағын болса да көпір салып бітірді. Аталмыш іске Шортанды ауданы мешітінің имамы Разданұлы Бақытбол, Табысханұлы Бауыржан, Қапиұлы Айболат, Әпшүкірұлы Кенжебай, Нұрмағанбетов Қайрат, Төлегенұлы Салдаттар тұрғындарды ұйымдастырып, өздері де басы-қасында болып, аяғына дейін жеткізді.

- Осы бір игі іске жұмылып жұдырық болып, бір жағадан бас, бір жеңнен

қол шығара білген шортандылықтарға айтар алғысымыз шексіз. Тұрғындардың кейбірі келіп қолына күрек алып көмектесіп жатса, кейбірі жағдайларын айтып іске сәттілік тіледі. Әпшүкірұлы Кенжебай ағамыз осы көпірге қажетті бетон тіректер мен плиталарды берді. Қаржы халықтан жиналды.

Ендігі кезекте осы көпірді күтіп, жыл сайын қарап жөндеп отыру мен зират тазалығын сақтау біздің басты міндетіміз, – дейді имам.

Жалпы айта кетсек, көпірдің асты биіктетіліп бетон төселіп, үстіне екі бетон плита қойылды. Сонымен қатар көпірдің екі жанына көлік жүретіндей етіп топырақ төгіп, оның үстінен ескі асфальт төселген.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 178 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"