Пятница, 31 января 2020 17:01

Ескерткіштер елі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларын жалғайтын күре жолдың бойындағыдай ескерткіштер кімге керек?! Біз ескерткіштер еліне айналып бара жатқан жрқпыз ба?

Елорда әкімдігінде өткен кеңейтілген кеңесте Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасының бастығы Нұрлан Сыдықов әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай, ескерткіш орнатылмақ екенін айтты. Әл-Фарабимен қатар биыл Жұмабек Тәшенов, Сұлтанбек Қожанов, Талғат Бигелдинов, Ыбырай Алтынсаринге ескерткіштер орнатылады. Ал, Көкшетау қаласында Абайға ескерткіш қойылады.

Сіздер жақсы білетін шығарсыздар Жұмабек Тәшенов Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстіктегі 5 облыстың (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) Ресейге қосылмауына барын салып, байтақ даламыздың тұтастығын сақтап қалған қайраткер.

Сұлтанбек Қожанов мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. 1917 жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге «Бірлік туы» газетін шығарған. Кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Ол 1918 жылы Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастыруы секілді көптеген игі істер атқарған.

Ал, Ыбырай Алтынсарин мен Талғат Бигелдиновтың кім екенін айтып жатудың өзі артық. Олардың кім екендерін өте жақсы білесіздер.

Елін шексіз сүйген, дамып, өркендеуіне зор үлес қосқан тұлғаларымызды ардақтағанымыз жөн. Алайда, оларға әр жерден бір ескерткіш орнатып, жылына бір рет гүл шоқтарын қойып, тағзым еткеннен басқа не істеп жүрміз? Оларды ұлықтаудың, насихаттаудың басқа жолы жоқ па? Ол ескерткіштерді орнатуға кеткен қыруар қаражатқа студенттер үшін қосымша гранттар бөліп, немесе, мұқтаж жандарға баспана алып берсе, әлдеқайда пайдалы әрі дұрыс шешім болар ма еді?!

P.S Былтыр Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларының арасындағы тас жолдың бойында 450 миллион теңгеге орнатылған 5 ескерткішке кім барып суретке түсті? Айтпақшы, ол кімнің ескерткіштері екенін білесіз бе?

Мерген Тоқсанбай

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1840 раз Последнее изменение Пятница, 31 января 2020 17:07