Пятница, 31 января 2020 13:28

«Кокшетау Азияда» Дуэль!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

"Көкшетау Азия" ақпараттық агенттігі 2020 жыл - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Ақмола облысының талантты жас ақындарының арасында поэтикалық дуэль ұйымдастырады.

Талаптары:

Дуэльге қатысу үшін 10 қаңтарға дейін ұсыныс беруі; (Қатысушылар саны шектеулі - 18 ақын)

Автордың редакциямызға келіп өлең оқуы;

"Көкшетау Азия" ақпараттық агенттігінде жарияланған өз өлеңін репост жасау;

Бірінші айналымды бағалау:

Арнайы тағайындалған қазылар алқасы бағалайды;

"Көрермен көзайымы" номинациясы - интернет дауыс беру арқылы жүзеге (лайк, пікір, репост) асады. Дауыс беру уақыты бір апта;

Әр апта сайын жаңа ақындар жұбы эфирге шығады;

Жеңімпаз атанған ақындар келесі айналымға өтеді;

Екінші айналым:

Алғашқы айналымнан жеңген 8 ақынды көрерменнің алдында өлең оқытып, жеңімпаздарды анықтау; Өтетін орыны Мәлік Ғабдуллин к-сі 59 а "The Tower Pub" рестораны. Өтетін күні мен уақыты қосымша хабарландырылады;

Марапаттау:

"Көрермен көзайымы" номинациясың ең көп лайк, пікір, репост жинаған ақынға беріледі;

Үш үздік ақынға "Көкшетау Азия" ақпараттық агенттігі атынан бейе-баян түсіріп, бағалы сыйлықтар табыс ету; Жоба жеңімпазы Шығыс Қазақсанда өтетін Абайдың 175 жылдық мерейтойына жолдама алады;

Байланыс телефоны: 8-701-312-39-34

Мерген Тоқсанбай

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 587 раз Последнее изменение Пятница, 31 января 2020 13:35