Воскресенье, 26 января 2020 11:00

Өскемен қаласында «Біздің Абай» әдеби трамвайы жолға шықты (ВИДЕО)

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Трамвайдың алғашқы жолаушыларымен бірге қала әкімі Жақсылық Омар көпшілікті Абай жылымен құттықтап, халықпен еркін әңгімелесіп, Абай мұрасын оқып, танысуға шақырды.

Ал, Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері жолаушыларға ақынның «Қара сөздері» кітабын және шығармаларының үзінділері жазылған күнтізбелерді тарту етті.

Жолға шыққан жұртшылық арнайы телеэкран арқылы Абай өмірі және мұрасымен танысты. Әдеби трамвай іші Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен алынған үзінділермен, танымал тұлғалардың ақын туралы ой-пікірлерімен өрнектелген. Сондай-ақ, жолаушылар Абай кітаптарымен танысып, қалаған шығармасын алып оқуларына да мүмкіндік бар.

Ең қызығы Абайдың өмірі мен шығармашылығында ерекше орын алатын тұлғалар - Ш.Құдайбердіұлы, Е.П.Михаэлис, А.С.Пушкин атындағы аялдамаларда қысқаша тарихи деректер беріліп отырады.

Осылай Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойында Өскемен қаласындағы №3 әдеби трамвай жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, рухани білімдерін байытуға да ықпал ететін болады.

Ал, Сіз Абай жылында өз қалаңызда қандай пайдалы жобалардың болғанын қалар едіңіз?

Мерген Тоқсанбай

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 125 раз