Четверг, 23 января 2020 13:44

«Әдеби шәй-пәй»

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Бүгін Кокшетауда Көкен Шәкеев атындағы Көкшетау ақындар мектебінде "Әдеби шәй-пәй"-дің алғашқы отырысы өтті.

Бұл жоба еркін форматта екі апта сайын өтіп тұратын болады. Оның басты мақсаты Көкшетаудың ақын-жазушылары жиналып әдебиет жайлы сұхбаттасу. Әр ақын өзінің ішкі лобороториясын ашып, жаңа жазылған шығармаларын талқылайды.

Бүгінгі бейресми кездесуде Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Құдайберлі Мырзабек, Ерболат Баятұлы және Алмас Темірбай сөз сөйлеп, өлең оқыды.

Сондай-ақ, республикамызға танылып қалған Қуаныш Оспан, Бақытбек Бекмұрат, Мұхаммед Қоңқаев сияқты жалынды жастар болды.

Үлкендер тек өздері өлең оқып қана қоймай жастардың да аяқалыстарын байқап, оларға өлең оқытып бағасын берді.

Мерген Тоқсанбай

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 162 раз