Понедельник, 13 января 2020 09:37

Джеки Чан Димашты жеңіп кетті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Аты аңызға айналған Джеки Чан Димаш Құдайбергеновтың отбасына сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Көкшетау Азия ақпараттық агенттігі.

Бұл жаңалықты Димаш Құдайберген өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

Сыйлық беру рәсімі Джеки Чанның жаңа альбомының тұсаукесерінде өтті.

- Джеки Чанның жаңа альбомының тұсау кесерінде қонақтамын. Біздің әр кездесуіміз, сыйлықтар алмасумен аяқталады. Алайда ол кісі мені отбасымның әр мүшесіне арнап үлкен чемодан толы сыйлықтар беріп жіберу арқылы жеңіп кетті, - деп жазыпты Димаш.

Сонымен қатар, ол Чанның таңғажайып адам екенін, онымен сұхбаттасқанда керемет әсер алатынын айтты.

Екі аңыз бір - біріне жылы лебіздерін білдіріп, қолтаңбалар алмасты.

Алма Байгужина

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 153 раз