Воскресенье, 12 января 2020 12:10

Ақмола облысы білім инновация лицейінің оқушылары топ жарды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Мүшәйрә Көкшетау қаласының 18 -ші орта мектебінің ғимаратында төрт күн бойы өткізілді. Білім додасына Ақмола облысының барлық аудандарында оқитын 405 оқушы қатысқан.

Білім инновация лицейінің топ жарған балаларын атап өтсек, олардың ішінде төрт оқушы жоғары көрсеткіш үшін мақтау қағазымен марапатталған. Олар Сауытбек Мәди, Киззатов Айдын, Абалдилдин Мерей және Әшкенов Данияр.

Бірінші орынды лицейдің 25 оқушысы өзара бөлісті, олар Мукашев Алихан, Даминов Арслан, Ескенов Ильяс, Шарипов Амирлан сынды жеңімпаздар.

Жүлделі екінші орын лицейдің он оқушысына бұйырды, олар Тургунов Мади, Жумахан Дулат, Сейтжан Марғұлан, Шарипов Алишер және басқа да көшбасшылар.

Үшінші орын да осы білім инновация лицейінің қоржынында. Беделді атаққа ие болған жеті өжет жігіт анықталды. Олар Зарлыков Даниял, Мыңбай Алдияр, Алпысбай Әділхан, Абдукапаров Нурислам және басқалары.

Осынау үлкен жарыста Көкшетауда орналасқан Білім инновация лицейінің намысын қорғап, жүлделі бірінші, екінші және үшінші орынды иемденген лицей түлектерінен келесі жарыстарда да тек жеңіс күтеміз!

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп демекші, топ жарған барша оқу озаттарының болашағы жарқын болатынына еш күмән жоқ.

Алма Сырымбетқызы

Илья Шакиров

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 319 раз