Вторник, 03 декабря 2019 16:57

Мемлекеттік тіл мәртебесі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадыр-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны,  сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті  мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

 Қазақ тілі – ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Мемлекеттік тіліміздің қолдану кеңістігі барған сайын ұлғайып, қоғамдық қарым-қатнас тіліне айналып келеді. Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп айтқан пікірі барша қазақ елінің нақты мақсаты болуға тиіс. Бұл қағиданы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да парызы. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі  Ата заңымызда  анық айқындалған.  Ана тіліміздің   тағдыры – баршамыздың қолымызда.

Осыған орай қазіргі таңда мемлекттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі көңіл бөлінуде. Нәтижесінде барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.

Қазақтың тілі – шексіз мұхит секілді, күллі әлемді қамтыса да бояуы өңбейді, әлемдік тілдермен теңестіре қалса, ноқтасын бермейтін ұлы тіл. Қазақ тілі  - ұлтымыздың мақтанышы, елдің айнасы. Ұлтымыздың асыл қасиеті мен тектілігін дәріптеп, жеткізуші де ана тілі.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 173 раз

Похожие материалы (по тегу)