Вторник, 03 декабря 2019 16:52

Ақмола облысының судьялары мен адвокаттары жарыспалылық принципін сақтау туралы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облыстық сотында судьялар мен адвокаттар тараптардың жарыспалылық пен тең құқықтық принципін іске асыру мәселелерін, кәмелетке толмаған сотталушы мен жәбірленушілердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету, сот отырысындағы адвокаттың өкілеттілігі, сонымен қатар, қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «дөңгелек үстелде» сөз сөйлей отырып, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды атап көрсетті – олар қызметте негізгі басымдықтар болып саналатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы, тұрғындармен тиімді кері байланыс, қоғамдық диалог, ашықтық, жедел шешім қабылдау.

Д.Әміров жаза тағайындау тәжірибесі мен ақтау үкімдерін айтып өтіп, тергеу соттарының жұмыс көрсеткіштері мен сот ісін жүргізудегі тілді таңдаудағы өрескел бұзушылықтарды талқылап, сот отырысына қатысушылардың құқығының бұзылмауына жол бермеу және кінәсіздік презумпциясын қатаң сақтауға көңіл аудартты.

Ақмола облысының адвокаттар алқасы президиуымының төрайымы Ғалия Ибраева жарыспалылық процесінің принципін нығайту және адвокаттың өкілеттілігін кеңейту туралы ұсыныстарымен сөз сөйледі.

Қылмыстық-процестік кодекске өзгерістер енгізу бойынша адвокаттар Мұхамеджан Нәлібаев пен Ардақ Мақамбетов сөз сөйледі.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақытжан Жарылғасов кәмелетке толмаған сотталушының құқығын қорғау және кәмелетке толмаған жәбірленушінің мүддесін адвокатпен қорғалуын қамтамасыз ету тақырыбын ашып көрсетті. Қылмыстық процесте қорғаушының өкілеттілігі туралы Көкшетау қалалық сотының судьясы Қайрат Хасенов сөз сөйледі.

Диалог барысында адвокаттар олардың өкілеттілігін кеңейту және процесуалдық іс-қимылы бөлігіндегі заңнамаға өзгерістер енгізу, тараптардың тең құқылығын қамтамасыз ету мақсатында прокурордың және тергеу судьясының іс-қимылын қайта қарауға ұсыныс білдірді.

Судьялар адвокаттармен тәжірибеде туындайтын кейстер мен мәселелерді талқылады. Мәселең, сотта қарау барысында адвокаттың ауысуы, адвокатқа мемлекеттік құпияларға рұқсат беру, адвокаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында жүріс-тұрысы, адвокаттық құпияны және өзінің қорғауындағы адам жөнінде ақпаратты ашқаны үшін жауаптылық туралы.

Талқылау барысында соттарда гаджеттерді пайдаланудың қамтамасыз етілгендігі және электронды қылмыстық сот ісін жүргізуінің тиімділігіне адвокаттар тарапынан оң баға берілді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 231 раз