Четверг, 28 ноября 2019 11:35

Ақмола облысы Әділет департаментімен мемлекеттік аппаратының ашықтығын, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында студенттерге Ашық есік күні ұйымдастырылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық диалогтың, ашықтықтың, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударудың мемлекеттік органдарының қызметінің негізгі басымдықтары екенінін атап өтті.

Осыған орай, мемлекеттік аппаратының ашықтығын, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Ақмола облысы Әділет департаментінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті заң факультетінің  студенттері үшін ашық есік күнін ұйымдастырып өткізді.

Кездесу барысында Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы А. Ержанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған  Жолдауында қазақстандықтардың алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттерге тоқталып ,оның ішінде стратегиялық құжаттарда жастарға үлкен назар аударғандығын атап өтті. Бұл яғни жұмысқа орналасу, жатақханамен қамтамасыз ету, стипендияны арттыру, жоғарғы оқу орындарына студенттерді қабылдау, гранттар бөлу және басқа да өзекті бағыттар.

Сондай-ақ, шара барысында студенттер Әділет органдарымен азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерінің қол жетімділігі мен атқарылатын қызметтерімен танысты.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 172 раз