Суббота, 23 ноября 2019 10:01

«Ақмола – адалдық алаңы» жастар акциясы жоғары деңгейде өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Адалдық – үлкен, ең қасиетті ұғым. Сол ұғымды жастардың бойына сіңіру басты назарда болуы тиіс. Себебі, еліміздің дамуына үлес қосамын деушілердің жүректерінде отанға деген сүйіспеншіліктері болмай, өз халқына адалынан қызмет етпесе, еліне жанашыр бола алмайтыны айдан анық.

Еліміздің өркендеуіне төтеп беретін өзекті мәселелердің бірі – ол әрине сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Осы жылдар ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасып, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданып, уәкілетті орган құрылып, БҰҰ-ның Сыбайлс жемқорлыққа қарсы конвенциясына және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар жүйесі іске асырылып келеді, ол еліміздің көптеген бағдарламалық құжаттарында негізге алынатын басымдықтар ретінде айқындалған.

бь2

Осыған орай, Көкшетау қаласында Ақмола облысы Ішкі сасат басқармасы мен облыстық жастар-ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырып  «Ақмола – адалдық алаңы» атты жастар акциясы өтті. Акцияның мақсаты – жастардың бойында адалдық, парасаттылық және әділеттілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады. Аталған акцияға, Ақмола облысының әкімі – Маржықпаев Ермек Боранбайұлы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы – Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы және де өңіріміздің белсенді жастары қатысты. Іс-шара басталмас бұрын, Алик Жатқамбайұлы  қаламыздың әкімшілік мекемелері мен бала-бақшаларын аралап, танысып шықты. Акция барысында, Қазақстан Республикасының және әлемің бірнеше дүркін рекордсмені, Гиннес кітабының рекордшысы, Қажымұқан мен Балуан Шолақтың ізін жалғастырушысы – Сергей Цырульников жастарға өз өнерін паш етті.  Сонымен қатар, арнайы концерттік бағдарламалар өткізіліп, ойындар ойнатылды. Кеш соңында Сергей Цырульник барлық қатысушылардың алдында «Ақмола – адалдық алаңы» акциясы аясында челленджді Қазақстанның барлық аймақтарына жолдады. Осындай акцияның жастар арасында өткізілуі жас ұрпақ үшін берер тәрбиесі мен өнегесі зор. Тәрбиелік мәні бар осындай ауқымды шара жастарға тек адал жолмен жүруге кеңінен насихаттап,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 308 раз Последнее изменение Суббота, 23 ноября 2019 10:05

Похожие материалы (по тегу)