Вторник, 13 августа 2019 08:44

Руханият көшіндегі ұлы табыс

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар» демекші, мына дөңгеленген төрткүл атыраптың жұмбақ, тылсым сырларын зерделей қалсаң, білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз көрініп, шынайы таңданушы едік. Әсіресе, көне дәуірдің күмбіріндей болып 3 мың жылдық ғұмырымен әлем картасында мәңгі қала атанған Рим, одан кейін 2700 жыл жасаған Ани, Двин, Эрибуни атауын иемденген Арменияның астанасы Ереван, шығыс мәдениетінің орталығына айналған Самарқанд т.б. толып жатқан шаһардың тарихы ешкімді бейжай қалдырмайтын әрі қызығушылық тудыратын. Бүгінде осынау көне қалалар адамзаттың бойтұмарына айналды десек те болады.

 

Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары», деп бекер айтпаған ғой. Одан қалды туған ел – тұғырың, жерұйығың. Елдігіміз сонау Түрік Қағанатынан бастау алған кезең аралығында мың өліп, мың тіріліп сан ғасыр бодандықтың қамытын киген қазақтың ұлы даласында да мұндай көне қала қазынасынан кенде емес екенбіз. Бір шеті Алтайдан Каспийге дейін созыла сұлап, екіншісі Батысы Сібір ойпаты, Шығысы Тянь-Шань тауларының теріскейін ала көсіліп жатқан осынау шексіз де шетсіз Ұлы далада өскелең ұрпақ үшін ұлықтар ұлағатты жәдігерлер жетіп артылатынын зор мақтанышпен айтуға болады. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазақтың кең-байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халықтың бүгінгі ұрпағының жеті кереметін атап көрсететін, еліміздің болашаққа бой сермейтін, бағдарын айқындайтын, халықтың сенімділігін арттырып тарихи санасын жаңғыртуға жаңаша жол ашатын тың бастама ретінде қабылданды. Тақым қысар, айыл тартар сәттің туғандығын көрсетті. Міне, осындай ізгі бастамалар Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Соның арқасында нәтижелі зерттеу, зерделеу жұмыстарының арқасында көне өңірлер қатарына тағы бір өлке қосылды. Ол – қазақтың дарқан даласының құйқалы өңірі, қойнауы қазба байлыққа толы, Менделеев таблицасының барлық элементін қамтыған киелі топырақ, қасиетті мекен Маңғыстау. Еліміздің даңқын әлемге әйгілеп отырған қазыналы аймақ. Мұнай мен газ өндіруден толағай табысқа жетіп қана қоймай төскейі мыңғырған малды, халқымыздың рухани байлығын әспеттейтін архитектуралық тарихи-мәдени, әдеби мұралармен қамтылған Маңғыстау жайлы көптеген құнды ғылыми еңбек жарық көрді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, Маңғыстау – ерте дәуірден тоғыз жолдың торабы саналған. X-XII ғасырларда Еуропаның көптеген сауда порты мен қаласын қамтыған Индия – Орта Азия – Еуропа сауда жолының бірі осы түбек арқылы өткенін де білеміз. Шаһардың жағырапиялық қолайлы орналасуы – оның экономикалық-әлеуметтік саяси өміріне елеулі дәрежеде ықпал етіп, дамыған ірі орталықтың біріне айнал-дырды. Керек десеңіз, Маңғыстау жөнінде мәліметтерді ежелгі дүние ғұламалары Геродот, Страбон, эль-Истрахи, Максиди, әл-Фадлан, Ибн-Фадлалах, Ибн-Батута, Махмуд Қашқари, Абулғазы Баһадүр бабалардың да жазбаларынан таба аламыз. Одан қалды осы топыраққа келіп ат ізін салған Г.Карелин, Э.Эверсман, Н.Андрусов сынды т.б. толып жатқан ғалым мен саяхатшы өңірдің ертедегі ескерткіштері туралы толғақта пікірлер айтып, лайықты бағасын бергенінен хабардармыз. Оңтайлы сәтті пайдаланып қазақ даласындағы 6000 жылғы ең көне адамның да осы Маңғыстау топырағынан табылғанын айта кеткен жөн болар. Демек, Маңғыстау шежіресі тарих қатпарының тым тереңінде жатыр деп айтуға толық негіз бар. 950-960 жылдар аралығында жазылған мұсылман авторы Муқаддаси (Макдиси) шығармасында хазар-лардың Джурджан жағындағы шекарасы ретінде «Бинкишлах» деген қала екенін айтады. Парсы ғалымы 1029 жылы Әл-Бирунидің «Масудтық тізімінде» Маңғыстау жөнінде «Ян-х-шлаг тауы» және «Ян-х-шлаг айлағы» (Маңғышлақ/Маңғыстау) деген топонимдер бар деген дәлелді алға тартады. Ал 1065 жылы селжұқ сұлтаны Алп-Арсланның жорығы туралы Сабит ибн әл-Джуази «Алп-Арслан Маңғышлақ қамалына жасырынған Кифшатты бағын-дырды» десе 1070 жылы Махмұд Қашқаридың «Түрік сөздігінде» «Маңғышлақ — оғыздар еліндегі бір жердің аты» деп жазба қалдырған. Яғни, «Маңғышлақ» атауының X ғасырдың ортасынан-ақ белгілі болғандығы туралы ой түйіндей келе осы атаумен ХХ ғасырдың басына дейін аталып, бізге «Маңғыстау» күйінде жеткен. – Әуелі тәңірі жерге береді Жерге берсе елге береді, Елге берсе ерге береді, – деген ғой. Расында, қарт Каспийден ежелгі Үстіртке дейінгі 167 мың шаршы шақырым арақашықтықты қамтыған бай өлке қазақ елінің құт-берекесін, ырысы мен ырыздығын арт-тырумен келеді. Шынтуайтына келгенде, Каспий теңізінің арқасында осындай үлкен су бассейнін қоса еміп жатқан Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Иран секілді алып бес мемлекет басы бірігіп, төс қағыстырып ынтымағы жарасқан, берекесі келіскен ірі достастық елдерге айналды. Жалпы, Каспий теңізі сонау Геродот пен Страбон заманынан Гиркан, Хвалынь, Каспий, Атырау, Абескун деген 40-қа жуық атау қалыптастырды. 2018 жылдың тамыз айында бес ел басшылары бірігіп, Каспий теңізінің мәртебесін анықтап, оны дұрыс пайдаланудың оңтайлы жолдарын қарастырған Ақтау қаласында саммит өткізіп «Каспий конс-титуциясы» деп аталған құжат қабылдап, ортақ мәмілеге қол жеткізген еді. Бұл қадам бірнеше жыл бедерінде шешімін таппай келе жатқан келелі мәселенің түйінін шешіп, бауырлас елдердің ауызбіршілігін жарастыратын айтулы құжат болды. «...Маңғыстау тұрғындарына көп адам өмірінде тым құрығанда бір рет болып көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған. Осы бір қасиетті жерде көптеген әйгілі адам мен әулие жаны тыныштық тапқан. Лайым олардың рухы сіздерді қоршап-қорғап жүрсін, сіздерді қолдап жүрсін, бақытты өмір жолына бағдар берсін...» деп Н.Назарбаев толғағандай еліміздің тарихында мыңжылдықтар легінде көне атаулар қатарында Маңғыстау атауының мың жылдығы анықталғаны елеулі оқиғаның бірі болды. Шетелдік ғалымдардың қатысуымен кешенді ғылыми зерттеулер, халықаралық деңгейдегі экспедициялар жоспарлы түрде іске асқаны алаш жұртының көңіліне қанағат сезімін ұялатқанын жасыра алмаймыз. Оның сыртында тарихи-археологиялық ескерт-кіштерімізге қызығушылық танытқан дүниежүзілік National Geographic және франциялық Pernel Media компанияларымен деректі фильмдер түсіруді қолға алмақшы. Қызылқала қалашығының ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмыстарын жалғастыруда жоспарда бар көрінеді. «Жақсыны көрмек үшін» демекші, жағымды жаңалық жерде жатқан ба? Жақында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов еліміздің тарихында мыңжылдық мәртебесін иемденген Маңғыстау туралы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған шарада сүйіншілеп өтті. Бұл ізгілікті қадам Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен Маңғыстаудың тарихын жүйелеуге қатысты ғалымдарға арнайы тапсырмалар берілгенін мә-лімдей келе, аймақ басшысы баяндамасында: «Маңғыстау жерін қола (4-3 мың жыл бұрын) және темір (2,5-2 мың жыл бұрын) дәуірінен бастап, көне грек және парсы жазбаларындағы дай-даха, массагет, сармат тайпалары мекен етсе, антикалық кезеңде (б.з.д. 2-б.з. 4 ғғ.) халықтардың Ұлы көшінің негізгі қозғаушылары болған алан, ғұн тайпалары қоныс тепті. 2000 жыл бұрын мекен еткен алан, ғұн тайпаларынан бізге жеткен қазіргі таңдағы әлемдік сенсация деп «Алтынқазған» жерлеу орыны мен «Қарақабақ» қалашығын айтуға болады. Осы кезеңнен бастап кейінгі орта ғасырға дейін Маңғыстау жері Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағында ірі транзиттік орталыққа айналып, Қызылқала, Кетікқала қалалары мен Үстірт бойында керуен-сарайлар бой көтерді. Дәл осы уақыттан күні бүгінге дейін өлкемізде түркітілдес оғыз, хазар, қыпшақ, ноғай, түркімен, қазақ тайпалары кезең-кезеңімен мекен еткен. Мұның барлығы бір жыл алты ай ішінде 7 елдің 70-ке жуық ғалымдарының кешенді жұмысының нәтижесінде нақтыланды» деп ой қорытындылады. Маңғыстау мұраларын зерттеуге жұмылдырылған халықаралық экспедицияның ғалымдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында 5 жерасты мешіті, 20 шыңырау-құдық, 20 таңбалы тас тапқан. Бұл дегеніміз – қаншалықты маңдай тер төгіліп, қыруар еңбектің зая кетпей нәтижелі болғанын айқындай түссе керек. Экспедиция құра-мында болған ғалымдардың еңбектері Франция, Ұлыбритания, Түркия, Әзірбайжан, Ресей басылымдарында жарық көрген екен. Алдағы уақытта Маңғыстау атауының 1000 жылдығына орай «Тарих толқыны: Маңғыстаудың мың жылдығы» халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырып, Ұлы Жібек жолындағы Алтынқазған, Қарақабақ, Қызылқала, Кетікқала қалашықтарына кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, жерасты мешіттері мен таңбалы тастарын ғылыми зерттеу, оларды қорғауға алу шараларын қабылданбақ. Оның сыртында тарихи-археологиялық ескерткіштерімізге қызығушылық танытқан дүниежүзілік National Geographic және франциялық Pernel Media компанияларымен деректі фильмдер түсіруді қолға алмақшы. Қызылқала қалашығының ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмыстарын жалғастыруда жоспарда бар көрінеді. Әрине, ғылыми зерттеу жұмыстары осымен шектеліп қалмасы анық. Зерттелген әлі де зерттеліп келе жатқан Маңғыстаудың тамыры тереңге кеткен тарихын жүйелеу жұмыстары жалғасы беретіні сөз-сіз. Бұл мәселе жөнінде конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, жаңа зерттеу жұмыстары бағыт алып, өлкедегі тарихи ескерткіштер түгенделіп, оларды туризм, жастар тәрбиесінде кеңінен қолдану көрініс таппақ. Маңғыстау атауының 1000 жылдығы сөз жоқ халқымыздың тарихына жаңаша екпін, жаңаша көзқарас қалыптастыратын шара болмақ. Осындай келелі мәселелер қолға алынғаннан бері көне Тараздың 2000, Түркістанның 1500, Алматының 1000 жылдықтарын атап өту ежелгі бай тарихымыздан хабар беріп, ұлы мемлекеттің жұрнағы екенімізді айқындайды. Қазақ елі – қарыштап дамып келе жатқан еркін, азат Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан атты қалаларында 1 миллионнан астам халық тұрады. Болашақта ірі мегаполистер көбейіп, дамыған елдермен тең дәрежеде иық тірестіре алатынымызға сенімдіміз. Орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевский: «Әр ұлт өзін ұлы санамай, әлемдік өркениетке еш нәрсе қоса алмайды» деген екен. Ендеше, Маңғыстау атауы 1000 жылдығы жәдігерлер санатына енуі руханият үшін аса маңызды болмақ. Мұның астарында қаншама зерттеушілер мен өлкетанушылардың өлшеусіз еңбегі жатыр. «Маңғыстау мыңжылдығы» – біздің руханият көшіндегі мұрамыз іспетті. Бұл жаңалық тағылымды тарихымыз бен мыңжылдық болашағымызды сабақтастыра білген, туған жерімізді көркейтуге құлаш ұрған қуатты халық екенімізді тағы бір мәрте дәлелдей түс-кендігіміздің белгісі.

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, профессор

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 352 раз
Другие материалы в этой категории: « Дала дидары Шыңғырлаудың жеті кереметі »