Понедельник, 12 августа 2019 12:23

Базардағы «Беспредел» (ВИДЕО)

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(2 голосов)

Құрбан айттың алғашқы күні "Көкше" мал базарында келеңсіз жағдайлар болды деп хабарлайды «Көкшетау Азия»  kokshetauasia ақпараттық агенттігі.

Көкшетау қаласының шетіндегі "Көкше" мал базарына бардым.

Базарға жетпей жатып өзім сағынып жүрген қойдың шуаш иісі мұрын қытықтағандай болып еді, артынша сасыған ішек-қарын мен қанның иісі келді. Мұрынымды тыржиттым....

Базар алды у-шу, азан-қазан. Қой сатып тұрған ауыл қазағы. Мал таңдай алмай, таңдаған малын ұстай алмай орысша шүлдірлеп жүрген қала қазағы...

Базардың іші...

Қасапханалардың алдында ұзын-сонар кезек... Сыртта бір әйелдер ішек қарын жуып жатыр. Он шақты адам бір қорада бас үйітіп отыр. Қойларды қатар қатар іліп мүшелеп жатқан қасапшылар... Сосын анадай жерде басына ақ сәлдесін орап, қолына құран ұстап, қойға берген батасына ақы дәметіп отырған молда...

Биылғы қойдың бағасы да екі түрлі екен. Мысалы базар сыртында 25 мың теңгеден басталса, базар ішінде 30 мыңнан басталады. Бұл алты айлық тоқтылар. Ал, ірі ісек қойлардың бағасы 40-50 мың теңгеге дейін барады екен.

Малыңды базарға кіргізіп, қымбатқа сатқың келсе, базар әкімшілігіне әр қой үшін 2000 теңге төлесең болды.

Іштегі мал сырттағыдан неге қымбат деп сұрасам, базар ішіндегі малдарды малдәрігері тексеріп, қойлар құрбандыққа жарайды, аурудан сау деген анықтама беріпті. Ал, сырттағы малдарда ондай қағаз жоқ.

Базардың сыртында тұрған қойларды қасапханада сою үшін 4 500 теңге төлесең, базар ішіндегі қорада тұрған малды сою үшін небары 3 000 төлейді екенсің. Ішек-қарын аршу 1500 теңге (Бірақ, көп адам ішек-қарынды тазаламай лақтырып тастап жатыр), бас үйіту 500 теңге екен. Қойға бата беру 500 теңге минимум. Одан төмен берсең бата қабыл болмайды!)

 ӨТІРІК АНЫҚТАМА

Қойлардың аурудан ада ма, құрбандыққа жарай ма екен деп сұрау үшін базар бригадиры Асылхан Макишевпен сұхбаттастым. Ол кісі уақытының тығыз екенін айтып, Тоқтар Шайкенович деген малдәрігерінің телефон номерын берді. Тоқтарға хабарласып ем, ол кісі ойбай, андағы жерде басқа дәрігерлер бар солармен сөйлес, қойға қарайтын уақытым жоқ деп тұтқаны тастай салды. (Аудио запись бар).

Басқа малдәрігерін таппадым. Базар ішіндегі қой сатып тұрған кісілердің қойымыз дәрігердің тексеруінен өткен деген анықтамасын да көре алмадым. Сатушының біреуі анықтамалар бар. Бірақ, басқа кісінің қолында. Ол кешірек келеді деді.

Содан сыртта қой сатып тұрған Айыртаудың Еламан деген жігітінен "аға, қойларыңыздың справкасы жоқ екен, анау базар ішіндегі қойларда бар солардан алам",- деп ем. Еламан ағам "ой, олар қырта береді. Осы базарға түнде камазбен әкеп, төге салған қойды кім тексерді дейсің. Өтірік айтады",- дейді ашуланып. Баяғыда өзім де сатқам базар ішінде, ауру-сауына қарап жатқан ешкім жоқ дегенді тағы да қосып қойды.

Бір жақсысы базарда "Құрбан етін қабылдау пункті" деп газель көлігін дайындап қойыпты. Баяғыдай мешітке ет апару үшін қаланы айналып жүрмей осы көлікке сала салады екен. Бұл өте ыңғайлы. Газельдің қасында тұрған орталық мешіттің шәкірті Мейірбек есімді жігіттен құрбан шалудың шарттары толық орындалып жатыр ма, көңіліңіз тола ма деп сұрадым. Ол өз кезегінде: "-Бұл жер беспредел, лас. Көп нәрсе дұрыс емес, анау "Бижан" деген базар бар. Солардың қасапханасы тап-таза. Ол жақтың молдасы да жақсы, мына кісі секілді отырмайды, әр қойға бата жасап, дұрыс сойылуын қадағалайды,"- деді күрсініп...

Шынымен де құрбан болар қойға өзге малдың қанын, өлі дегесін көрсетпеу керек. Соймай тұрып денесін жарақаттамай, ауыртпай әкеп бауыздау керек. Ал, бұл жердегілер не дұрыс бата жасамай, қан-жынның үстімен сүйреп әкеп, қойды бақыртып қойып қарап тұрады. Сосын кезегі келгенде алып ұрып бауыздап, сол үшін ақшасын қағып алады. Бұл базарға "Хәлал" деген сертификатты кім берді екен?!

Құдайға сенің қой сатып алып, соя салуың емес, ең алдымен таза ниетің мен пейілің керек емес пе еді?!

Мерген ТОҚСАНБАЙ

7cc05c38 25cb 44b8 8dac 4a7ed8c01acc7cc05c38 25cb 44b8 8dac 4a7ed8c01acc7cc05c38 25cb 44b8 8dac 4a7ed8c01acc7cc05c38 25cb 44b8 8dac 4a7ed8c01acc

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 600 раз Последнее изменение Понедельник, 12 августа 2019 13:25
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"