Суббота, 10 августа 2019 13:14

«Altyntau-Kokshetau» акционерлік қоғамының кен орынында жойқын жарылыс болды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Altyntau-Kokshetau» акционерлік қоғамының кен орынында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Көкшетау Азия»  kokshetauasia ақпараттық агенттігі.

3 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған республикамыздағы ең ірі алтын өндіретін жердегі жарылысқа экскурсияға барған балалар мен журналистер куә болды. Тереңдігі 300 метрдей корьердің түбіндегі жарылыстың қуаты жоғарыдағы адамдарды таңдандырды. Корьер басшысы Еркебұлан Қуандықов бұндай жарылыс аптасына екі рет жоспарлы түрде болып тұрады дейді. Оның айтуынша 1 тонна пайдалы қазбалардан (руда) бар жоғы 2 грамм алтын шығады екен. Кәдімгі тастан алтын шыққанға дейінгі аралықтағы жұмыстың қыр-сыры мен қиыншылығын егжей-тегжейіне дейін әңгімелеп берген ол жылына 8 миллион тонна пайдалы қазбадан 16 тонна алтын ұлттық қорға тапсырылады екен. Бұл жарылыс осы қиын жұмыстың басы ғана. Корьер 450 метр тереңдікке дейін қазылып, 2026 жылға дейін жұмысын жүргізу жоспарланған.

81ba60cc ed2c 4c79 860f 7d408b2bb0d981ba60cc ed2c 4c79 860f 7d408b2bb0d981ba60cc ed2c 4c79 860f 7d408b2bb0d9

Кәсіпорын жыл сайын 10-15 миллион теңге көлемінде спонсорлық көмек беріп, қайырымдылық жасайды.

2010 жылы "Алтын бала" атты үш жүз орындық балабақша салып, Көкшетау қаласының халқына пайдалануға беріпті.

Биыл осы кәсіпорында жұмыс жасайтын көп балалы отбасыларға 50 мың теңгеден мектепалды көмек беріліп жатыр.

Алтын жуу фабрикасының басшысы Арман Алиев: бұл кен орны 1963 жылы ашылған. Геологтар уран іздеп жүріп алтынға тап болыпты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кен орнының жұмысы тұралап, тек 2010 жылы ғана жаңаша серпін алды. Сол жылы 28 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назаобаев осы жерге Алтынтау деп атады,"- дейді.

Корьерге келген оқушылар мен жастар биыл металургтер күнімен "Altyntau-Kokshetau" акционерлік қоғамының қызметкерлерін әлеуметтік желі арқылы төл мерекесімен құттықтапты. Сол игі жандарға ризашылығын білдіру үшін кәсіпорын басшылығы экскурсия ұйымдастырып, оларға жойқын жарылыстың куәсі болудың мүмкіндігін жасады.

5662ee7a 1367 4561 ad2d 441bdcbd6b73Мерген Тоқсанбай

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 275 раз Последнее изменение Суббота, 10 августа 2019 18:12
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"