Четверг, 07 февраля 2019 11:14

Қызылордада үш баласы өрттен қайтыс болған ана жанайқайын жеткізді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Осыдан бір ай бұрын Қызылордада "Наурыз" саяжай участкесінде өрт шығып, бір отбасының үш кішкентай ұлы иіс тиіп қайтыс болған. Қайғыдан қан жұтқан отбасыға Қызылордадағы билік өкілдері 100 мың теңге көмек көрсеткен. 2011, 2012, 2014 жылғы ұлдарынан бір сәтте айырылған ана өзінің жанайқайын жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Сәдуова Жәмиланың видео-үндеуін танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram парақшасына жариялады.

Үш баласынан көз жазып қалған ана қазір желіде жалған ақпараттардың тарап жатқанын жеткізді.

"Бибігүл ханымның жазбасынан кейін түрлі ақпараттар тарап жатыр екен. "Үй алып бердік", "Үйі бар" деушілер де шығыпты.

Жоқ! Менің үйім болған емес. Маған ешкім үй алып берген жоқ. Осыдан бес жыл бұрын қайтыс болған ағамның үйінде тұрып жатыр едік.

Көмектесемін деп жатқандарыңызға мың алғыс. Алайда қандай ақша болса да, балаларымның орнын толтыра алмайды", - деген Жәмила көз жасына ерік берді.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 9 қаңтар күні орын алған. Осыдан кейін келіншек туыстарының үйін паналап жүр.

Сол күні үйдегі жиһаздар өртеніп, өрт сөндірушілер 50 лиртлік газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген.

Ал иіс тиген кішкентайлар ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан қайтыс болыпты.

Егер балаларынан айырылған анаға көмек қолын созғыларыңыз келсе:

Каспий Gold: 5169 4931 5323 9580

Аты-жөні: Сәдуова Жәмила Ибрагимқызы

ЖСН: 861115402564

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні Астана қаласы Көктал-1 тұрғын жайында бір отбасының 5 қызы өртеніп қайтыс болды

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 541 раз Последнее изменение Четверг, 07 февраля 2019 11:24