Пятница, 07 декабря 2018 16:01

Мектепте Елбасының жолдауын талқылау бойынша кезекті кездесу өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Мектептің жеке құрамымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жыл сайынғы жолдауын талқылау бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті —Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ғазиз Тұрысбекұлы ең бірінші биылғы жолдаудың қазан айында жарыққа шығу себебі жолдауда көрсетілген нұсқаулардың келесі жаңа жылға дейін жоспарын жасап, оларды шешу жолдарын қарастыруға уақыт болу керектігін айтып түсіндірді.

длопрп3

Әрі қарай бұл жолдау – елімізді одан әрі гүлдендіре берудің, ел тұрмысын жақсарта түсудің айқын да жарқын ұзақ мерзімді бағдарламасы екенін айта келіп, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласының жұмысын жетілдіру секілді толғақты мәселелердің түйінін Елбасының ашып көрсеткенін айтты. Қалай болғанда да қарапайым халықтың бір серпіліп қалғаны анық.. Ерекше қуантатыны,  ол – біріншіден, жалақы көтеру, бұл енді экономикалық жағынан өте маңызды. Ал екіншісі, меніңше аса ерекше мән беретін тұс — ол 2019 жылдан бастап «Педагогтар мәртебесі» туралы арнайы Заңның қабылданатындығы. Шынымен де, қоғамды алға бағыттап тәрбиелейтін — ұстаздар. Сонымен бірге Мемлекет басшысының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы аса қуантарлық жағдай екені анық. Осы арқылы ол өзінің жастарға үлкен сенім артатынын көрсетіп отыр - деп түсіндірді Ғазиз Тұрысбекұлы.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған түрлі салалардағы мәселерді шешу жолдарын жас ұландықтар қолдайды! Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Біз Елбасымыздың жастарға артқан үмітін ақтауға дайынбыз!

дщшг1

Мұндай кездесу – жас ұрпақ өміріндегі маңызды тәрбиелік сәт. Сол сияқты елдің қазіргі жағдайы көрсетілген, алдағы міндеттер айқындалған жолдауды талқылау біздің елдің барлық азаматтары үшін маңызды екені анық.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 79 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"