Вторник, 06 ноября 2018 13:17

Өткенін білмеген, болашағын болжай алмас

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Еліміздің тарихын, мәдениетін, тұрмыс тіршілігін, салт, әдеп – ғұрпын білу – әрбір азаматтың міндеті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Егер жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды. Мен халқымның  тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт – дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген сөздері рухани дүниемізді жаңғыртып, бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Біздің басты парызымыз - ұлттық санамыздың өрлеу жолында ата-бабаларымыздың, ұлан - байтақ өлкеміздің тарихын келешекке жеткізу болып табылады.

Тарихи экскурсия – білім алудың негізгі формасы. Осыған орай, Ақмола облыстық соты өскелең ұрпақтың рухани – мәдени білімін арттыру мақсатында Көкшетау қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары және жоғарғы оқу орындарының заң тану бөлімдерінің студенттері үшін облыстық соттың мұражайында  жүйелі түрде тарихи экскурсиялар ұйымдастырып отырады. Өйткені, мұражайды аралау рухани құндылықтарды тануда, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

«Өнеге ағадан» демекші, аталған іс - шара қалың қауымға өнеге - үлгі көрсетіп жүрген облыстық ардагер – судьялар Одағының төрағасы Мейрам Мырзахметұлы Ғибәділовтың бастамашылығымен өткізіледі.

Эскурсия барысында студенттер мен оқушылар өлкеміздің өткені мен бүгінін бойларына сіңіріп, мұражайдың рухани асыл қазыналары және сот жүйесінің ұлы тұлғаларымен таныс болды. Осы орайда,  келешек ұрпақтың таным - түсініктерін арттыруға, тарихи саналарының қалыптасуына экскурсияның берері мол болады деген сенімдеміз!

Рахимова ДИДАР,

Ақмола облысының Соттар әкімшісінің бас маманы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 107 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"