Четверг, 11 октября 2018 16:55

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы «Білгір» атты тарихи-танымдық зияткерлік байқауында үшінші орынды иеленді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі академиясының магистранттары, жас судьялары мен мемлекеттік қызметшілер арасында «Білгір» республикалық тарихи-танымдық зияткерлік байқауында үшінші орынды иеленді.

«Білгір» байқауы Тараз қаласында, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы  аясында Жоғарғы Сот Төрағасы бекіткен «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыбында өткізілген «дөңгелек үстелдегі» тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Байқау үш турдан тұрды: «Туған өлкем – тарихым», «Билердің сөзі – ақылдың көзі» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».

Байқауға қатысушылар өздерінің туған өлкелері, Қазақстанның тарихы мен құқығы аясында, салт-дәстүрі және тілі туралы білімдерін көрсетті.

Байқауға қатысушылардың өнерін, тарих-танымдық саладағы судьялар мен магистранттардың көрсеткен білімдерін, бай сөздік қорларын, ана тілінде таза сөйлеуін, сахналық өнер мен мәдениетін, жауаптардың сапасы мен егжей-тегжейлігін, сондай-ақ ұсынылған экспонаттар мен рефераттарын ескере отырып, қатал қазылар алқасы бағалады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Марат Қуандықов үшінші орынды иеленді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 263 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"