Среда, 10 октября 2018 16:13

Ботағөй Бөгенбай би-ел есінде.

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(2 голосов)

Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы осы игілікті бастаманы негізге ала отырып, ұлттық құндылықтарымызды, тарихи тұлғаларымызды ұмытылып бара жатқандықтан қайтадан жаңғыртуды қажет етеді.

Ешім ауылының тұрғындары 26 қыркүйек күні есте қалатын тарихи шараның куәсі болды. Ешім ауылы «Молодёжная» көшесінің тұрғындары, азаматтық жиынында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясына орай умытылып қалған, қазақ еліне зор еңбек сіңірген тарихи тулғалардың есімдерін қайтадан жаңғырту мақсатына байланысты, «Молодёжная»  көшесінің атын өзгертіп, қазақ еліміздің тәуелсіздігі үшін бар жігерін жұмсаған, еліміздің бірлігін аңсап, халыққа билік қызмет атқарған, Кенесарының сенімді кеңесшісі, бас уәзірі болған, мемлекеттік қайраткері Бөгенбай бидің есімін осы көшеге беру шешіміне бірден келісті.

Осы маңызы зор, тарихта қалатын шараға Жақсы аудандық сотының төрағасы Ахметжанов Ермек Басбатырұлы, Ешім ауылының аумақтық әкімі Исқаков Абдрашит Махметұлы, Ешім ауылының ақсақалы Тоқсейтов Файзолла Тоқанайұлы жарыс сөз алып, өз ойларын ортаға салып қуттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Өткізілген шараға Жақсы ауданының прокуроры Торсықбаев Ербол Қошанұлы қатысты.

Жақсы ауданының сот төрағасы Ахметжанов Ермек Басбатырұлы мен Ишим ауылының сол көшесінің тұрғыны Кеженов Төлеубай екеуі көше атауын өзгертуіне арналған, мерекелік ашылуы салтанатты түрде лентаны қию рәсімінен басталды.

Тоқсейтов Файзолла өз жарыс сөзінде, Бөгенбай бидің қазақ еліне сіңірген еңбегін жоғары бағалай етіп қысқаша баяндап берді.

Бөгенбай би 1761-1866 жылдары өмір сүрген. Туған жері Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округінің құрамындағы Жылынды ауылы.

Бөгенбай би туралы айтатын болсақ, негізі Қарауыл-Бөлекей-Түңғатар-Күнсары-Қалақбатыр-Тілеу-Көмекей-Қараболат-Бұқар-Сырымбет-Құтты-Қадам-Бөгенбай би.

Бөгенбай би 1837-1847 жылдары қазақтың ұлт азаттығы жолында күрескен, Кенесарының сенімді кеңесшісі, бас уәзірі, елшісі болған тарихи тұлға. Қасқатау бауырында отырған аталас Бектауыл Доқтауыл ұрпақтары мекендеген (Түрікпен, Сарғалдақ Меңіс) Терісаққан, Есіл өзенінің бойына көшпек ниетте болды. Сол жылдары Бала-Баубек батыр Кенесары соғысында қырғызға елшілікте жүрген әулие Әз Бөгенбайды өз қасына көшіріп алған.

Әз-Бөгенбай би Терісаққанның Есілге құйғанында, осы қоныста Баубек батырымен жан аямас жолдасы болған, бірнеше жыл бірге тұрды.

Біраз жылдан кейін Бөгенбай би ата қонысына қоныс аудармақ болады. «Баубек қарағым менім жасым 95-те еліме апар-деп сұранады». Сонда, Баубек батыр мәрт қой мен ту бие сойып алыс-жақындағы ағайындарын жиып, Бөгенбаймен қоштасады.

Әрине Баубек батырдың жан жолдасы, ақылдасып отыратын биі болған, қысқашы осы өңірдегі ел жұртың алдында мәртебесі жоғары болған. Жоғарыдағы жазылғандай Бөгенбай бидің осы өңірде Баубек батырды паналап келгені тарихтан белгілі, әрине осы өңірде (Жақсы ауданы Ешім округіне қарасты Баубек батыр ауылы) біраз жыл тұрғанда қоныстағанда біраз ақыл-кеңес беріп отырды, сол себепті Бөгенбай бидің еңбегі зор. Қорыта келе айтатыным Бөгенбай бидің еңбегіне жоғары баға бере тұрып, Молодежная көшесінің бурынғы атын өзгертіп, осы өңірде тұрып, қоныстану барысында зор еңбек сіңірген Бөгенбай би атын бергені өте орынды.

Тағы да айта кететін мәселе Бөлекейден – Қарауыл - Құлымбет пен Тұңғатар тарайды. Ал Құлымбеттен Бектауыл (Түрікпен Сарғалдақ. Бөгенбай), ал Құлымбеттің інісінен Тұңғатардан - Бөгенбай би тарайды. Сол себепті түпкі бабаларымыз бір. Олар сол себепті бауырлас ағайынды болғандықтан бірге көшіп-қонып жүргені тарихтан белгілі.

Біз жас ұрпақтар осы айтылған Баубек батыр мен Бөгенбай би туралы тарихи тұлғаларды біліп жүруге міндетіміз!

Кәзіргі ұрпақтар тарихи тұлғалардың өмірбаянымен бірге қазақ елінің нығаюы үшін тер төгіп, керек болса өмірлерін қиюға дайын болғанын білу үшін, өнегелі өмір сүрген ұлы ата-бабаларымызды еске алып сақтауымыз керек. Келешекте халқымыздың арасында туыстық, қарым-қатынас, бірлік өзара бітімшілік нығая түссе, ата-бабаларымыздың армандарының орындалғаны. Қазак елі үшін еңбек сіңірген ұлы тұлғаларды келешек ұрпақтың мәңгілік есте қалдыру үшін негізделген құжаттар жинап, кітап шығару, мұражай ашу, көшелерге есімдерін беру т.б. шараларды қолға алу керек. Қазақ еліне ақылшы, кеңесші болған тұлғалар мен жаудан елін қорғаған батырлар, қолбасшылар халық арасында мәңгілік есте қалатыны анық. Олардың өнегелі өмірі мен елге сіңген еңбектерін халыққа насихаттау, жеткізу жас ұрпақтардың еншісіне қалатыны анық.

Ел басымыз өзінің бір сөзінде «Қазақтың өзінің өткен тарихы мен мәдениетінен ұялатын еш нәрсе жоқ» деген еді. Ойлап қарасақ расында солай. Осыған осы көшеге есімін бергені айғақ болады.

Ешім ауылындағы осы көшенің тұрғыны Үсенбай тегі Ермек Ідіпісұлы өзі арнап жазған өлеңін көпшілікке оқып берді.

Бабабымыз Бөгенбай би рухына

Үлгілі үш жүздің тармағы,

Қолдасын Бөгенбай би әруағы.

Еліміздің көк байрағы желбіреп,

Орындалды ардақты ата арманы.

Сөзге шешен, көзге көсем би болған,

Көтеріңкі кеуде, көңіл-күй толған.

Қазаққа қасиетті жол жасап,

Ұрпағына ұлағатты сый қонған.

Көркемдеп Бөгенбай би көшесін,

Айнадай асфальт жолдар төсесін.

Ардақты ата атын ардақтап,

Ұрпағы көп өнегемен өсетін.

Ресми шарадан кейін Жақсы аудандық мәдениет үйінің көркем өнерпаздары шағын концерттік бағдарламасын көрсетті, жиналған көпшілік қауым зор ықыласпен сүйсіне тыңдады.

Ешім ауылының тұрғыны

Токсейтов Файзолла Тоқанайұлы.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 145 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"