Пятница, 10 августа 2018 14:29

Кеңес Одағының Батыры, академик, педагог, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағы тұсаукесері

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Ақмола облысында бірқатар «зәкірлі» жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда, деп «Кокшетау Азия» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Мәлік Ғабдуллин - Қазақтың Оқжетпесі» альбом-кітабын, профессор, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қ. Әбуевтің «Деятели истории и культуры Акмолинской области» библиографиялық очерктерін басып шығару жоспарлануда.

Мәлік Ғабдуллиннің этнопедагогикалық және әдеби мұраларын насихаттау мақсатында 2018 жылғы 15 тамызда, сағат 15.00-де  М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағының тұсаукесер рәсімі өткізілді, оның негізін бұған дейін жарияланған ғылыми, этнопедагогикалық мақалалар, академиктің очерктері, сондай-ақ облыстық М.Ғабдуллин музейі қызметкерлерінің көп жылдық ғылыми-зерттеу еңбектері құрады.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин құттықтап сөз сөйледі.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөкейханқызы Бөрібаева іс-шараның модераторы болып табылады.

11 томдық жинақты басып шығару идеясы ұзақ жылдар бойы музей қызметкерлерінің ойында болған еді, ол үшін материалдарды жинақтау 2012 жылдан бері басталды. 2018 жылғы наурызда Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің ғұмырымен тереңірек танысу мақсатында жұмыс сапарымен музейге келгенінде, өңір басшысына осы идеяны жеткізу мүмкін болды, ол оны қолдады және жазушының баға жетпес еңбегін басып шығаруға дайындалуды тапсырды.  

Кітаптар Алматы қ. Халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті Бигельді Қайырдосұлы Ғабдуллиннің басшылығымен «Идан» баспасында 1000 тиражбен жарыққа шықты.

Бұл еңбектер өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуде баға жетпес қайнар көзі болып табылатыны сөзсіз.

Іс-шараға Мәлік Ғабдуллиннің туыстары: Майдан Мәлікқызы Үсенова, күйеу баласы Алмасбек Садықұлы Үсенов, немересі Мәдина Алмасбекқызы Бәтпенова, жиені Батырбек Мұқашұлы Ахметов әйелі Мәнсия Ерғалиқызы, М.Ғабдуллинің туысы Сәкен Бекенов, ғалымдар, педагогтың тәрбиеленушілері,  батыр туған Зеренді ауданы Қойсалған ауылының тумалары, Көкшетау қаласының шығармашылық зиялы қауымы мен жұртшылық, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының облыстық кітапханаларына, Ақмола облысының 386 кітапханасына, ЖОО-ларға, мектептеріне және басқа да мекемелеріне салтанатты түрде сыйға тарту рәсімі өтті.

Сондай-ақ, облыстық Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек сөз сөйлеп, Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдық жинағының қысқаша мазмұнымен таныстырды.

Ұстаздарының жүрекжарды естеліктерімен ҚР Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Қажыбаев, мәліктанушы, «Әдебиет порталының» шығарушы редакторы Асылбек Байтан, жазушының ұрпағы Сәкен Бекенов бөлісті.

Батырдың қызы Майдан Мәлікқызы әкесінің әдеби мұраларын мәңгі есте қалдыруға мүмкіндік бергендеріне шексіз ризашылығын білдіріп, әкесінің барлығына үлгі боларлық адамгершілік қасиеттері, жомарттығы, сезімталдығы, жан тазалығы, қарапайымдылығы туралы ерекше атап өтті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 98 раз

Материалы по теме

© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"