Четверг, 09 августа 2018 14:08

Ақмола облысында үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлін талқыланды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Целиноград ауданының әкімдігінде «Облыстық ақпараттық-ресурстық орталығының жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «SARA» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігінің нысандары мен әдістері» атты оқыту семинары өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Семинарға Целиноград, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарынан мемлекеттік орган қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.

Мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен қоғамдық сананың жаңғыруы азаматтардың белсенділігіне байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Азаматтық қоғам, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар демократияның ажырамас бөлігі», - деп айтып өткен болатын. Азаматтық қоғамның мақсаты – азамат пен мемлекет арасында байланыс орнатып, әр жеке тұлғаның мүддесін қорғау, билік пен қоғам алдында оның мүддесін ұсыну, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

«SARA» қоғамдық қорының президенті Сара Баймағанбетова үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, қоғамдағы орны, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара жұмысы, байланысы, қоғамдық ұйымдардың қызметі жөнінде кеңінен ақпарат берді. Семинарға қатысушылар тренинг ойындарға қатысып, пікір алмасып, басқарудың нәтижелілігі, аудан имиджін көтеру, азаматтық бақылау, азаматтық тәрбие мектебі сынды тақырыптар талқыға салынды.

Қоғамдық сананы жаңғырту арқылы әлеуметтің белсенділігін арттыру бұл – азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі. Азаматтық қоғамның мақсаты – азамат пен мемлекет арасында делдал болу, әр жеке тұлғаның мүддесін қорғау, билік пен қоғам алдында оның мүддесін ұсыну. Аталған семинардың да негізгі мақсаты осы. Жиын соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 163 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"