Пятница, 12 января 2018 12:39

ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

  • Добавить комментарий
Оцените материал
(1 Голосовать)

Орталық коммуникациялар қызметінде тиімді мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған шараларға арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Надырқызы Жақыпова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы Жанар Әлімжанқызы Тайжанова және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл қатысты, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Баспасөз конференциясы барысында қатысушылар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін дамыту үшін қабылдаған шаралар туралы айтты.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметті цифрландыру және ІТ дағдыларды дамыту, басқарудың заманауи әдістері, оның ішінде Қазақстан Республикасына жобалық басқаруды енгізу, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік қызметтің, соның ішінде өңірлердегі әлеуетін дамыту мәселелері қозғалды.

 «Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру бойынша одан әрі жұмыс жасау қажет. Бұл мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық құзыреттерін дамытуға қатысты. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қызметшілердің IT әлеуетін, оның ішінде күнделікті жұмыста IT-инструментарияны қолдана білуді күшейту де айрықша орынға ие. Осы мақсатта 2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Цифрлық Академия» жобасы жүзеге асырылатын болады. 

Осы бағытта қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің өзгерістерге дайын болуы да аса маңызды болып табылады. Болып жатқан үдерістердің жылдамдығын ескеріп, тек мемлекеттік органдар қызметіне өзгерістер енгізіп қана қоймай, ең жаңа үрдістердің алдында болуымыз қажет»-деді Фатима Жақыпова.

Сондай-ақ, ректор өңірлердегі мемлекеттік қызмет әлеуетінің тиімділігін арттыру жағдайында «көркейген өңірлер – мықты Қазақстан» формуласы жаңа импульске ие болуда екенін және Қазақстанның әрі қарай дамуына қызмет ететіндігін атап өтті. Өз кезегінде, өңірлік мемлекеттік қызметті әрі қарай дамыту жаңадан құрылған Академияның өңірлердегі филиалдарымен байланысты болады.  

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 91 раз

Добавить комментарий

© 2016 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"
Яндекс.Метрика