Четверг, 12 октября 2017 14:49

Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің жаңа нұсқасы

  • Добавить комментарий
Оцените материал
(1 Голосовать)

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің жаңа нұсқасы» тақырыбында баспасөз конференция өтті, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Баспасөз конференцияның жұмысына Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол ТІЛЕШОВ, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Әлімхан ЖҮНІСБЕК,  саясаттанушы Ерлан САИРОВ қатысты.

 «Қазақстан - 2050» Стратегиясының тілді жаңғыртуға бағытталған аса маңызды міндеттерінің бірі – мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2017 жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің латын графикасындағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін атап өткен болатын. Үстіміздегі жылдың 9 қазан күні  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің» жаңа нұсқасы таныстырылды. Таныстырылым барысында Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынды. Жобаны әзірлеу кезінде қоғамдық пікір ескеріліп, диграфтардың орнына қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне тән дыбыстарды дәйекші белгілер арқылы таңбалау жүйесі енгізілгендігі айтылды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 75 раз

Добавить комментарий

Похожие материалы (по тегу)

© 2016 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"
Яндекс.Метрика