Среда, 30 ноября 2016 18:21

Төбелесқұмар шенеуніктер жазасыз қалмайды

  • Добавить комментарий
Оцените материал
(0 голосов)

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Бурабай ауданындағы Бурабай кентіндегі «Щаңырақ» дәмханасында болған шенеуніктер төбелесіне байланысты аудандық әкімшілікте арнайы комиссия отырысы болып өтті.  Отырысқа республикалық БАҚ құралдары Ақмола облысының құзырлы орындарының лауазымды қызметкерлері қатысты.

6 қарашада болған жағдайға байланысты Бурабай ауданы әкімі Т.Тәшмағамбетов түк білмейтіндей сыңай танытқан. Шынтуайтқа келгенде демалыс күні болғандықтан қол астындағы қызметкерлерінің қайда жүріп, қайда болғанынан хабарсызбын деген уәжің айтты.

Бурабай ауданының аппарат жетекшісі Ж. Бұл күні аудан әкімінің орынбасары екеуі мүлдем басқа жақта болдық деп тағылған айыпты әзірге мойынына алмай отыр. Дегенменде кент әкімі Т-ның айтуына қарағанда қасындағы досы Қ. екеуі жеңіл көлікпен жолда келе жатқанда аппарат жетекшісі Ж. ұялы телефонына хабарласып өздерінің «Шаңырақ» дәмханасында отырғаның айтып шақыртады. Осы жерде екі лауазымды адам кент әкімінің қасындағы еріп келген досын жақтырмай сөзге келіп қалып, арты жанжалға айналып төбелеске ұласып аталмыш дәмханаға 500 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Бұны кент әкімі толыққанды растап мойындап отыр.

Ертеңіне сынған ыдыс-аяқтың құны деп дәмхана иесіне кешірім сұрап 25 теңге ақша төледім,-дейді Бурабай кентінің әкімі. Т.Тәшмағамбетов ауданға әкім болып келгелі 5 бірдей орынбасары ауысқаның және де бірнеше лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлықпен ұсталғаны жайлы да осы отырыста толыққанды айтылды.

Алдағы уақытта төбелесқұмар шенеуніктер орында қала ма, қалмай ма бұл комиссияның шешіміне байланысты. Өйткені төбелес болған күні бейнебақылауға түсіретін камерадан ешқайдай бейне жазба табылмады. Өшіріліп қалған. Бірақ облыстық ішкі істер бөлімі болған жайтқа байланысты қылмыстық зерт жүргізіп жатқаны да тілге тиек болды.

Бір қызығы аудан басшысымен аппарат жетекшісі туған бажа болса, аудан әкімінің орынбасары Қ. елімізге белгілі лауазымды шенеуніктің нағашысының баласы деген сыбыс бар.  

Жалғас Сызанұлы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 237 раз

Добавить комментарий

© 2016 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"
Яндекс.Метрика