Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында онлайн жәрмеңке өткізілді. Оған жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатысты. Естеріңізге сала кетейік мұндай жәрмеңке 5 қазанда да өткізілген. Нәтижесінде облыс бойынша барлығы 200-ден астам сұрақ келіп түскен.Түскен өтініштер жедел арада қаралып, азаматтардың күту уақыты 3 мин асқан жоқ.
Аталған іс-шара аясында онлайн қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту,оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халыққа кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сала мамандары жәрмеңкеде жер, әлеуметтік, білім, тұрғын үй, әділет, спорт салалары бойынша сұрақтарға жауап берді.
Қазіргі таңда электронды қызмет түрлерін қолданушылар қатары көбейіп келеді. Мұндай жәрмеңкелердің халыққа тигізер пайдасы мол.