Домой Новости Казахстана Жоспарланған мемлекеттік балабақшаның орнына Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үй кешені салынды

Жоспарланған мемлекеттік балабақшаның орнына Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үй кешені салынды

619
0

«Қала қайғысы 5» дөңгелек үстелінің кезекті шығарылымы Керей мен Жәнібек хандар, Тұран даңғылы мен Орынбор көшесі қиылысындағы нүктелі құрылыс мәселесіне арналды.

Аталған ауданның тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың бас жоспарында бекітілген, уәде етілген мемлекеттік балабақша мен спорт кешенінсіз қалды. Жоспарланған әлеуметтік нысандардың орнына осы ауданда барлық нормалар мен заңдарға қайшы көпқабатты тұрғын үй кешендері (КТҮК) салынуда.

«Спорт Сити» ТК тұрғындары Қазақстан Халық партиясына өз үйлерінің жанында көпқабатты тұрғын үй кешендерін заңсыз салу мәселесін шешуге көмек көрсетуді сұрады.

Елорда тұрғыны Лейла Таутинованың айтуынша, бас жоспарға сәйкес олардың ауданында 280 орындық балабақша, Г. Головкин атындағы спорттық-ойын-сауық кешені және бизнес-орталық салынуы тиіс. Бірақ қала әкімдігі нақты жоспарлау жобасына қоғамдық тыңдаусыз түзетулер енгізді және «Астана» ӘКК бақылауындағы компания арқылы жеке компанияларға әлеуметтік объектілердің орнына көппәтерлі тұрғын үй кешендерін (КТҮК) салуға рұқсат берді.

Аталған тұрғын алабында қазірдің өзінде 10 000-нан астам адам тұрады және балабақшалар мен мектептер жоқ. Тұрғын үй кешендерінің құрылысына рұқсат беру кезінде қала әкімдігінің қызметкерлері халықтың тығыздығын және білім беру объектілері мен рекреациялық аймақтарға қажеттілікті ескермеген. Тұрғындар коммуникация, көлік тұрақтарының, жолдардың, саябақ аймақтарының, сондай-ақ балалар мекемелерінің жетіспеушілігіне тап болды.

«Алма Парк» КТҮК құрылысы (жоспарланған балабақшаның орнына) заңсыз жүргізілуде, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылғы 4-тоқсанда басталды, ал талон-хабарламаны құрылыс салушы 2022 жылғы 2 сәуірде енгізді, объектінің паспорты әлі күнге дейін жоқ. Құрылыс салушыда жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат болмағандықтан Сәулет басқармасы 2022 жылғы 08 маусымда СЖТ (сәулет-жоспарлау тапсырмасы) күшін жойды. Сот талқылауы барысында Жер ресурстарын басқару комитеті жер телімін беруде елорда әкімдігі жер заңнамасын бұза отырып жүзеге асырғанын растады.

«Спорт Сити» ТК тұрғындарынан құралған бастамашыл топ заңсыз тұрғын үй кешендерін салуға қатысты қаулыға шағымдану мақсатында қалалық әкімдікке қарсы сотқа арыз берді. Бірақ сот әкімдік қаулысын күшінде қалдырды және қала тұрғындарына бастапқыда бас жоспарда жоспарланған балабақша мен спорт кешенін салу құқығын беруден бас тартты.

«Біздің балаларымыз, немерелеріміз бен шөберелеріміз астанада қандай жағдайда тұрады? 280 орындық балабақшаны жоспардан алып тастап, оның орнына елорда тұрғындарының әлеуметтік жағдайын нашарлататын тұрғын үй кешені салынуда», — деді Халық партиясының көшбасшысы Ермұхамет Ертісбаев талқылау барысында. Ол тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, тек заң аясында әрекет етуге шақырды.

Қала тұрғындары биліктен бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді, заңсыз деп тануды және әкімдік қаулыларының күшін жоюды, нысаналы мақсатын қайтаруды және тұрғындардың пікірін ескере отырып, нақты жоспарлау жобасын өзгертуді, балалар бақшасы мен спорт кешенін салуды, Керей Жәнібек хандар, Тұран даңғылы мен Орынбор көшесі маңында жасыл рекреациялық аймақ құруды талап етеді.

Белсенді Виолетта Мауль «Спорт Сити» ТК тұрғындары бірнеше рет барлық инстанцияларға жүгініп, сотқа талап арыз беріп, мәселені заң шеңберінде шешуге тырысқанын, бірақ барлық жерде тек сырғыта салу әрекеті орын алғанын мәлімдеді. Сондықтан ағымдағы жылдың 20 тамызында белсенділер бейбіт митингке шығуға ниетті. Бастамашыл топ бейбіт митинг өткізуге Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен рұқсат алды.

LIVE-эфирдің толық нұсқасы және барлық қатысушылардың сөйлеген сөздері: https://www.youtube.com/watch?v=20fNRwxHbyo

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму