«Жас маман» жобасы

«Жас маман» жобасы болашақ маман иелері білім алып жүрген оқу орындарын озық техникамен жабдықтауға мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясында заманауи тігін өндірісі бойынша колледжге заманауи құрылғылар сатып алынды. Оған республикалық бюджет есебінен 245 млн теңге бөлінген.

Бұл Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің тігін бұйымдарын жобалау кабинеті. Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Мұнда 14-тен астам планшет, үлкен панель-экран да орнатылған. Заманауи техниканың мүмкіндігін студенттер сабақ барысында кеңінен пайдаланбақ.

Жоба аясында соңғы үлгідегі 21 тігін жабдығы сатып алынған. Құрылғылар тігін өндірісінің соңғы үлгідегі барлық талаптарына сәйкес келеді. Сонымен бірге таяу 3-5 жыл төңірегінде зор сұранысқа ие болатын білікті кадрларды даярлауды бастауға да мүмкіндік бермек.

«Жас маман» жобасына арнайы мамандықтың студенттеріне бөлек, болашақ дизайнердің қыр-сырын меңгеріп жүргендер де қатыса алады.  Осылайша аталған жоба «Дизайн» мамандығында оқитын студенттер үшін жарқын болашаққа беттеудің алғашқы баспалдаққа айналмақ.

Яндекс.Метрика