ТЖМ қызметкерлері мен ардагерлері «Мейірімділік-М» Қайырымдылық ұйымы» Қоғамдық қорының тәрбиеленушілерін жаңа жылмен құттықтады

ТЖМ қызметкерлері мен ардагерлері «Мейірімділік-М» Қайырымдылық ұйымы» Қоғамдық қорының тәрбиеленушілерін жаңа жылмен құттықтады

736 rob

Жаңа жыл ғажайыптар мен армандардың орындалатын кезі. Жер бетіндегі барлық балалар осынау ғажайып мереке мен сиқырды асыға күтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа жыл қарсаңында ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға сыйлық табыстау біздің Министрлігіміздің дәстүріне айналды.

Министрлігіміз Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер ұйымымен бірлесіп, «Мейірімділік-М» Қайырымдылық ұйымы» Қоғамдық қорының тәрбиеленушілеріне жұмсақ ойыншығы бар «Kinder» жаңа жылдық жиынтықтарын сыйлыққа алды.

Сыйлықтар балаларға «Сарыарқа» Сауда және ойын-сауық орталығында өткізілген «Ғажайып жаңа жыл!» акциясы аясында табысталды. 

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика