Талдықорған маңында жеңіл автокөлік аударылып, екі адам қаза тапты

Талдықорған маңында жеңіл автокөлік аударылып, екі адам қаза тапты

Фото: ғаламтордан

Талдықорған маңында жеңіл автокөлік аударылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасы 1 қаңтарда «Талдықорған-Үштөбе» тасжолының 10 шақырымында болды. 42-жастағы жүргізуші «Фольксваген Гольф» көлігінің рулін басқара алмай, жол жиегінен шығып кетіп, оның аударылуына жол берді. Оқиға орнында шетелдік неміс көлігінің жүргізушісі мен автокөліктегі 35-жастағы әйел жолаушы қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Тағы да естеріңізге сала кетейік, өңір аумағында (31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін) автожолдарды қар басып, көктайғақ блып тұр.

Осыған байланысты барлықтарыңыздан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауды және жол қауіпсіздігі талаптарын елемеуді сұраймыз» делінген полицияның хабарламасында.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика