Төтенше жағдайға тап болған Air Astana ұшағындағы өзбекстандық екі әйел ауруханаға жеткізілді

Төтенше жағдайға тап болған Air Astana ұшағындағы өзбекстандық екі әйел ауруханаға жеткізілді

Фото: ғаламтордан

Air Astana әуе кемесінің бортында болған оқиғаның салдарынан Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасына екі жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. № 4 қалалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдем көлігімен медициналық мекемеге тек екі адам жеткізілген, тағы үш адам тексеруден бас тартқан.

«№4 қалалық клиникалық ауруханаға «Ташкент — Алматы» рейсінің екі жолаушысы жеткізілді. Екеуі де — Өзбекстан азаматтары, 37 және 28 жастағы әйелдер. Диагноз: сол жақ білек пен қолдың жабық жарақаты, жұмсақ тіндердің көгеруі және созылуы. Мойын омыртқасының контузиясы. Екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық-диагностикалық тексеруден кейін рентгенография, ми және мойын омыртқасының КТ, амбулаториялық емдеу ұсынылды. Басқа жолаушылар медициналық көмекке жүгінбеді»,-деп хабарлады №4 аурухананың баспасөз қызметі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика