«Төрт ауысыммен оқиды, екі шақырым жаяу жүреді». Қошмамбеттің оқушылары азаппен білім алып жүр 14 сентября 2023, 06:30

Карасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылындағы 600 балаға арналған білім ордасында 2526 бала білім алып жатыр. Оқушылардың көптігі соншалық —

  • АВТОР
  • Сымбат Сатыбалдина Журналист
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


"Төрт ауысыммен оқиды, екі шақырым жаяу жүреді". Қошмамбеттің оқушылары азаппен білім алып жүр
14 сентября 2023, 06:30

Жақсылық Зинешев/Massaget

Карасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылындағы 600 балаға арналған білім ордасында 2526 бала білім алып жатыр. Оқушылардың көптігі соншалық — тіпті балалар 4 ауысыммен оқиды. Бұл білім ордасында ауыл балаларынан бөлек МТФ-2 елдімекенінен 812 бала 2 автобуспен қатынап жатыр. Алайда тасымалдауға мұқтаж оқушы мұнымен бітпейді. Сол ауылдың мектебінен 2 шақырым қашықта орналасқан Ақтас, Қостерек деп аталатын жаңа құрылыс аумағынан 500-ге тарта бала қатынап білім алады. Ата-аналар айына әр балаға 8000 теңге төлеп, такси жалдап, осы мектепке тасып, оқытып жатыр. 7 адамдық көлікке 25-30 бала мінгесіп баратын көрінеді. Тұрғындардың сөзінше, жол нашар болуына байланысты ауа райының қолайсыз уақытарында балалары мектепке бармайтын сәттер жиі болады. Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барып, мәселені егжей-тегжейлі зерттеп қайтты.

«Бала басына 8000 теңге төлейміз»

Қошмамбеттегі халықтың мектеп басшылығынан автобус сұрап жүргеніне бір жылдан асты. Алайда мектеп пен үйдің арасындағы қашық 3 шақырымнан аспағандықтан, тасымалдау қызметі қарастырылмай келеді. Бірақ тұрғындар жолдың нашарлығы ескерілмейтінін айтып отыр.

«Тасымалдаушы автобус қою үшін мектептен арақашықтық 3 шақырым болуы керек дейді. Бірақ жолдың сиқы мынау. Баламыз батпақта мектепке бара алмайды. Ай сайын әр балаға 8000 теңгеден төлеп такси жалдап қойдық. 7 адамдық көлікке 25-30 баланы тиеп алады. Амал жоқ мінгіземіз. Қазір ештеңе емес, батпақта қалың киімдерімен қалай барады? Менің мектепте 4 балам оқиды. Жұмыссыз үйде отырған анаға өте қиын», — дейді ауыл тұрғыны Анура Елубаева.

Жақсылық Зинешев/Massaget

Материалдың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Яндекс.Метрика