Түркістандық дәрігерлер 700-ден астам адмның есту қабілетін оятты

Түркістандық дәрігерлер 700-ден астам адмның есту қабілетін оятты

Фото: 24.kz

Ақ халаттылар туа бітті кереңдікті емдеудің заманауи әдісін меңгерген. Операция жасап, науқасқа кохлеарлық имплант қояды. Сөйтіп, дәрігерлер талай жанның алғысын алып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Түркістан, NEGE. Түркістандағы орталық ауруханаға дертіне шипа іздеп келушілер көп. Тек шаһар тұрғындары емес, көрші Қызылорда мен Жамбыл облыстарының  азаматтары да жүгінеді. Дәрігерлер  құлағының мүкісі бар науқастарды емдеуге заманауи әдісті қолданып, жыл басынан бері 700 операция жасады.

Ұлмекен Мырзабекова, Түркістан қаласының тұрғыны:

— Осыдан 5 жыл бұрын бір операция жасатқанмын. Ол кезде де осы құлығым болған. Одан кейін қайтадан 5 жылдан кейін шамалы құлағым ауырып, екінші құлағым естімей қалды. Сөйтсем мынау құлағым шынымен ауырған екен. Сол құлағыма операция жасалды. Өте сәтті өтті. Қазір құлағым, денсаулығым жақсы.

Электрлық импульс түріндегі дыбыстық ақпарат беру арқылы есту қабілетін қалпына келтіруге болады. Осылай деген жергілікті дәрігерлер кохлеарлық имплантты кеңінен қолданып, емдеудің заманауи әдісін пайланып жатыр. Қажетті құрылғыға тапшылық жоқ. Алдағы уақытта өзге де операция түрін меңгеру міндеті тұр.

Нұрсұлтан Әбен, дәрігер-оториноларинголог:

— Біз көмейге арналған операцияларды қолға алу мақсатымыз бар. Яғни эндоларингеальная хирургия айналысу. Яғни көмейдің лазерлі хирургиясымен айналысу. Біз соны үйрену мақсатында Түркия мемлекетіне оқуға бару жоспарымызда бар.

Дәрігерлер заманауи медициналық көмектің «Бір күндік хирургия» әдісін енгізді. Жүйелі жоспардың арқасында науқастар тез қалпына келіп, оңалту кезеңінен оңай өтеді.

Абай Түймебаев, Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

— Егер бұған дейін науқастар стационарда 5-6 күн бақылауда болса, қазір хирургия күндізгі стационарда немесе амбулаториялық жағдайда жүргізіледі. Яғни, біз бәріміз күндізгі стационарда жұмыс істеп, грыжа, бүйрек грыжасы, сияқты операцияларды жасаймыз. Бұл бір күндік хирургияға негізделген заманауи әдіс. 

Мұндағы дәрігер мамандардың біліктілігін арттыру үшін үнемі тәжірибе алмасу жиындары өткізіледі. Шет ел асып керегі жоқ. Еліміздің жоғары дәрежелі хирургтары осында шақыртылады. Жақында Астанадан келген балалар дәрігерімен бірге жақ-бет сүйегіне операция жасаудың шеберлік сабағы өткізілді. Нәтижесінде қырыққа жуық науқасқа сәтті операция жасалды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика