572 rob
Жаңа жыл қарсаңында Түлкібас ауданында тағы да бір қуанышты жаңалық болды. Енді зейнеттік жастағы ардагерлер бос уақытын тиімді өткізуге әрі денсаулығын нығайтуға арнай алады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұлай дейтініміз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қасынан «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Игі шараға аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев пен зиялы қауым өкілдері арнайы қатысып, ғимараттың лентасын қиып, аудан тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтады.
Күніне 25 адамды қабылдауға шақталған орталықта, қазыналы қарттар мәдени-рухани тынығып, спорттық жаттығулармен, иога, еңбек терапиясы және қолөнермен айналыса алады. Бұл үшін арнайы жабдықталған 5 бөлме қарастырылған.
Источник: qazaq.asia