Құтқарушылар астаналықты Алтынсарин ауылындағы дала бригадасынан эвакуациялады

Құтқарушылар астаналықты Алтынсарин ауылындағы дала бригадасынан эвакуациялады

126 Арман

2023 жылғы 01 қаңтарда Астана қаласының азаматы «Шевроле Нексия» маркалы автокөлікпен навигатордың көмегімен Ақтөбе қаласына шыққан. Аспап Қамысты ауданының аумағы арқылы өтетін ең қысқа маршрутты көрсеткен, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алайда Дружба ауылы бағытындағы ауыл жолымен жүріп келе жатып, автокөлік бұзылып, қар құрсауында қалды. Автокөліктің іске қосылмағанына көз жеткізген азамат дала бойымен жанып тұрған фонарьға барып, күзетші тұрған Қарабатыр қыстағына жетті.

Көп ұзамай Қамысты ауылының №18 өрт сөндіру бөлімінің және Жітіқара қаласының Жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің қызметкерлері шақыру орнына «Ямал» роверімен шықты. Олар елорда тұрғынын Алтынсарин ауылындағы дала бригадасынан эвакуациялады.

Сынған автокөлік Еркін және Достық ауылдарының ортасында қалды. Ауылдық округ әкімі Алтынсарин ЖШС қонақ үйінде орналасқан жылыту пунктін ұсынды.

Қостанай облысының ТЖД азаматтарды ауа райының нашарлауына байланысты жолға шықпауға кеңес береді! Өміріңізге қауіп төндірмеңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика