Оқу жылы жақындады, демек бұл Астана, Алматы секілді ірі қалаларға ағылатын студенттер қатары да көбейді дегенді білдіреді. Тамыздың ортасы
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Подписаться на канал новостей TengriNews:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Новости
- Новости Казахстана
- Новости мира
- Нашли ошибку?
- Выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Медеу ауданындағы үш бөлмелі пәтер бағасы 700 мың теңгеге жеткен еді. Тіпті жақсы жөндеу жасалған 3 бөлмелі үйдің бағасы 1 миллион 50 теңгеге бағаланған. Ал Медеу ауданындағы 4 бөлмелі пәтерлердің бірінің бағасы 1 миллион 300 мың теңге болды. Демек пәтерлер бағасы 150 мыңнан бастап өсе беретіні байқалған болатын. Арасында 200, 250, 300, 350 мыңға да пәтерлер бар.
18 күн ішінде баға қалай өзгерді? Қазір де ең арзан деген 170 мың теңге көлеміндегі пәтерлер Наурызбай, Түрксіб аудандарында қалған. Алмалы, Бостандық аудандарындағы 1 бөлмелі пәтер құны 250 мың-280 теңге аралығында болса, ал Медеу, Әуезов аудандарындағы 2 бөлмелі пәтер 300-450 мың теңге көлемінде. Тіпті бір бөлмені 350 мың теңгеге бағалағандар да бар. Мұндай баға 2-3 студентке ауыр соғатынын ескерсек, кем дегенде 4-5 адамнан тұрады деп есептесек, әр студентке 50-60 мыңнан келеді. Алайда үй иелерінің бәрі дерлік көп адам тұруына келісе бермейді.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Источник: tengrinews.kz