Әскери зейнеткерлердің мәселесін шешу қажет

Қазақстан Халық партиясы әскери зейнеткерлердің мүддесі үшін күресуді жалғастырып жатыр. Бұған дейін Үкіметке әскери зейнеткерлердің мәселесі бойынша бірнеше депутаттық сауал жолданған болатын.

Депутат Ғазиз Құлахметовтің айтуынша, бірнеше жылдан бері бірқатар әскери зейнеткерлер ҚР Қорғаныс министрлігіне келісімшарт талабын орындата алмай жүр.

– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2018 жылдан кейін жұмыстан босатылған тұлғалар жұмыс өтіліне қарамастан, еңбек сіңірген жылдарына пропорционалды түрде біржолғы төлем алып келді. Алайда, 01.01.2018 жылдан бастап бұрын жұмыстан босатылған азаматтар бұл мүмкіндіктен айырылып қалды, – деді депутат.

Өткен жылдың соңында Қорғаныс министрлігінің өкілдері мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және әскери зейнеткерлермен дөңгелек үстел басында кездесті. Жиынға Қазақстан Халық партиясының мүшелері де қатысты. Отырыста кейбір әскери зейнеткерлер сот арқылы зейнетақы төлемін алуға қол жеткізе алатыны айтылды. Осы жерде сұрақ туындайды, неге біздің судьялар бірдей мәселе бойынша әртүрлі шешім қабылдайды? Неге зейнетақы әскери зейнеткерлердің барлығына бірдей берілмейді.

Өз тарапынан Қазақстан Халық партиясы қалыптасқан жағдайды шешу үшін бірқатар ұсыныс жасады. Атап айтқанда, әскери зейнеткерлерге (20 жылдан аз қызмет еткен және 01.01.2018 жылға дейін жұмыстан босатылған) тұрғын үй жеңілдігін еңбек сіңірген жылдарына пропорционалды түрде төлеу қажеттілігін талап етті. Сондай-ақ әскери қызметке арнаулы және құқық қорғау органдарындағы (теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандардан басқа) жұмыс өтілін енгізу мен ақшалай өтемақы алу бастамасын көтерді.

ҚХП баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика