Әскери оркестр жұртшылықты тәнті етті

Әскери оркестр жұртшылықты тәнті етті

540 Awrora

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 32355-К әскери бөлімінің  оркестрі қаладағы қоғамдық шараларға белсене қатысады. Әскери оркестр жаңа жыл қарсаңында қаладағы сауда орталықтарында өнер көрсетіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Шығыс өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі қарулы күштер құрамындағы  маңдайалды оркестр болып табылады. Шараның мақсаты жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу  және қала тұрғындарына Жаңа жыл мерекесінде көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Сонымен қатар қалың көпшілікті   «Х-factor» мегажобасының ақтық финалына шыққан гарнизондық офицерлер үйінің әскери қызметшісі кіші сержант Мерхат Канапияновты қолдауға шақыру»  32355-К әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеялогиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан Алмат Құсайынов

Халық нөпірі көп сауда орталықтарында оркестрдің  кәсіби деңгейде орындаған туындылары  көпшілікке көтеріңкі күй сыйлады. Алуан түрлі музыкалық аспаптың дауысын ести сала, өнерпаздарға  қызығушылық танытқандар саны лезде артып кетті. Тіпті, кезекті бағдарламасын аяқтаған оркестрге тағы да өнер көрсетулерін сұрап, қолқа салғандар да болды.

Музыкалық қойылымды біреулері ұялы телефондарына түсіріп алса, кейбіреуі оркестр мүшелерімен естелік суретке түсіп жатты. Қала тұрғындары әскери оркестрдің халық көп жүретін орындарға жиі келгенін қалайды.

«Мен жаңа жылға қарсы супермаркетке азық-түлік алуға келіп, концертке тап болдым. Оркестрдің орындау шеберліктеріне сүйсінгенім соншалықты, музыкалық қойылым біткенше міз бақпай бір орында  тұрып қалыппын.  Керемет әсер алдым. Сауда орындарында жиі өнер көрсетсе маған жақсы болатын еді.  Өйткені,  қаланың қарбаласқа толы қым-қуыт уақытында, арнайылап уақыт бөліп  концертке  барудан қалдым. Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа асыққан өмір. Бос уақыт табыла кетсе, сауда орталықтарына зыр ете түсесің. Ал, бүгін бір оқпен екі қоян атқандаймын.  Шығармашыл ұжымның өнерінен рухани азық алып, күнделікті тұрмыстың да шаруасын ыңғайладым» қала тұрғыны Мая Төлегенова

32355-К әскери бөлімінің оркесті қарулы күштер саласында еңсерген белестері жетерлік. 2019 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери оркестрлерінің арасында өткен сайыста бірінші орынға ие болған. Айта кетейік, әскери оркестр 2001 жылы 31 шілдеде құрылған болатын.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика