403 rob
Фотосурет: МЧС
2022 жылғы 28 желтоқсанда бейнеконференцбайланыс режимінде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Әбікеев Ұларбек Ташықұлұлының басшылығымен 28237, 52859, 68303 әскери бөлімдерімен «28237, 52859, 68303 әскери бөлімдердің 2022 оқу жылының қорытындысын шығару және 2023 оқу жылына арналған міндеттерді қою» тақырыбында жиналыс өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жиналыс барысында азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлері тыңдалды.
2022 жылғы есепті кезеңде 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдер командирлерінің баяндамалары бойынша әскери бөлімдерде министрліктің жоспарларында, негізгі іс-шаралар жоспарында және жауынгерлік даярлық жоспарында көзделген іс-шаралар толық көлемде өткізілді және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-қимылдар үшін бөлімшелерді тұрақты жауынгерлік әзірлікте қолдауға шоғырланды.
Кеңестің қорытындысы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне
2023 оқу жылына арналған міндеттер айқындалды.
Источник: qazaq.asia