«Шіріп жатыр». Ақтөбеліктер қаладағы басты проблеманы айтты 21 августа 2023, 06:34

Ақтөбеліктер жаз бойы қоқыстан көз ашпағанын айтады. Халық тұрмыстық қалдық уақытында тазаланбайтынына наразы, — деп хабарлайды Massaget.kz

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


"Шіріп жатыр". Ақтөбеліктер қаладағы басты проблеманы айтты
21 августа 2023, 06:34

Фото: Massaget.kz

Ақтөбеліктер жаз бойы қоқыстан көз ашпағанын айтады. Халық тұрмыстық қалдық уақытында тазаланбайтынына наразы, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалада қоқыс мәселесі өзекті болып тұр. Аулалардағы қоқыс контейнерлері апталап тазартылмайды. Шашылған қоқыс, сасыған иіс тұрғындарды әбден шаршатқан. Жаз шықса ақтөбеліктердің көретін күні осы екен. Редакцияға хабарласқан қала тұрғыны Мұрат Құрманбаев Қонаев көшесіндегі аулаларда қоқыс уақытында тазаланбай, сасып жатқанын жеткізді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Биыл ала жаздай қоқыспен әуре болдық. Шыны керек, айқай-шу шығармасаң алмайды. Контейнерлер тез толып қалады. Ол ыстық күнде сасып, апталап тұрады. Жел тұрса, шашылған қалдықтар жан-жаққа ұшады. Аулада балалар ойнайды. Айта-айта шаршадық. Өткенде бір рет алып кеткен. Міне, тағы үйіліп қалды», — дейді тұрғын.

Қаланың ортасынан бөлек шағынаудандардағы да жағдай мәз емес. Мәселен, Родниковка тасжолының бойындағы көшелер мен Ақжар-2 ауданындағы тұрғындар жаз бойы қоқыстан көз ашпай келе жатқанын айтады. Әкімдіктен күдер үзген халық өздері ақша жинап, қоқыс шығаратын жеке көліктердің қызметін пайдаланған. Ал кейінгі аптада олар да келуді қойыпты.

«Масқара болдық. Көше шіріп жатыр. Үйдің қасындағы қоқыс салатын бөшке толды. Үйілген қалдықтың исі шығып жатыр. Бұған дейін 500-1000 теңге беріп, жеке көліктерге шығартатын едік. Кейінгі кезде олар да келмейді. Қалдық шығару мәселесін бір ретке келтірсе екен», — деді Ақжар-2 тұрғыны Жұман.

Фото: Massaget.kz

Бұл мәселе бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігіне хабарластық. Әкімдіктің мәліметі бойынша қалада тамыздан бастап үш компания қоқыс шығарады. Олар — NEO PLUS, «Таза Қарғалы» және жаңадан қосылған «АТК Qyzmet» ЖШС.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Яндекс.Метрика