Фото: ғаламтордан
Жаңа жыл қарсаңында баспаналы болды.
Алматы, NEGE Жаңа жыл қарсаңында кезекте тұрған 60 отбасы Шахтинск қаласындағы пәтерлердің кілттерін алды. Жаңа қоныстанушылар арасында жетім балалар, көп балалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа 60 пәтерлі бес қабатты үй Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Жаңа ғимаратта жеті үш бөлмелі пәтерді көпбалалы отбасылар алды.
Надежда Никульча сегіз жыл бойы тұрғын үйге кезекте тұрған. Көп балалы әйел осыған дейін жалдамалы пәтерлерді тұрып келген.
«Қазіргі уақытта тұрғын үйді жалға алу оңай емес. Бұл отбасылық бюджетке зор шығын келтіреді, сонымен қатар ол пәтерге қалағаныңды сатып ала алмайсың.
Барлық иелер жиһазды ауыстыруға мүмкіндік бермейді. Баспана алғанымызға өте қуаныштымын. Бізге үш бөлмелі пәтер берілді. Қазір жиһаздар мен үй заттарын сатып алуды жоспарлап отырмыз», – дейді Надежда Никульча.
Жетім балаларға 16 пәтер берілді. Қалғандары әлеуметтік осал отбасылар арасында бөлінді. Бүгінгі таңда Шахтинск қаласында тұрғын үй кезегінде 1499 адам тұр.
Источник: qazaq.asia