Домой Новости Казахстана Наука АҚМОЛАЛЫҚ ЖАС ҰСТАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

АҚМОЛАЛЫҚ ЖАС ҰСТАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

397
0

Өскемен қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Іс- шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау. Педагогикалық олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған 95-тен астам мұғалімнің ішінде Ақмола облысының 5 жас жеңімпаз педагогы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Атбасар қаласы, «№ 5 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ география пәнінің мұғалімі Бахтияр Матчанов ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2 дәрежелі дипломымен марапатталды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен үш педагог марапатталды:
— Еламан Кенжебаев, Көкшетау қаласы, «Әл-Фараби атындағы IT лицей» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
— Аслан Манатов, Жарқайың ауданының «Державинск қаласының Н. Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог — психологы;
— Менсулу Нуржанова, Жақсы ауданы «Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тәлімгері.

Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму