Өскемен қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Іс- шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау. Педагогикалық олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған 95-тен астам мұғалімнің ішінде Ақмола облысының 5 жас жеңімпаз педагогы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Атбасар қаласы, «№ 5 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ география пәнінің мұғалімі Бахтияр Матчанов ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2 дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен үш педагог марапатталды:
— Еламан Кенжебаев, Көкшетау қаласы, «Әл-Фараби атындағы IT лицей» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
— Аслан Манатов, Жарқайың ауданының «Державинск қаласының Н. Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог — психологы;
— Менсулу Нуржанова, Жақсы ауданы «Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тәлімгері.
Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық жетістіктер тілейміз!