Құрметті Көкшетау қаласы мен қала маңы тұрғындары сіздерді кезекті облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында және Халықаралық қарттар күні айлығын мерекелеу шеңберінде 2023 жылғы 7 қазанда Көкшетау қаласында «ТӘУЕЛСІЗДІК» алаңында Қосшы, Көкшетау қалалары және «КОКЅҺЕ» ӘКК, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарының 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Көкшетау қаласы мен қала маңы тұрғындарының қыс мезгіліне азық-түліктің 40-тан астам түрін ет (жылқы, ІҚМ, қой еті, шошқа еті, құс еті), шұжық өнімдерін, балғын балық, сүт және сүт өнімдерін (қымыз, айран, құрт, қоспа, қаймақ, сүзбе, йогурт, сары май, қатты ірімшік) ұн, жұмыртқа, картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша, бал және т.б. жергілікті өндірушілердің өздерінен нарықтан 10-15% төмен бағадан сатып алуға тамаша мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, «Kokshe» ӘКК тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдерін сатуға қояды: күріш, қарақұмық, қант, өсімдік майы, макарон және т. б.
Ауылшаруашылық өнімдерінен басқа, әсіресе жеке сектор тұрғындары мен саябақ тұрғындары үшін отын, шөп, сабан және жем-шөп сатылымға шығарылады.