Қазақстанда жемқорлардың есебінен 70 мектеп салынады
Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың ақшасына осы жылдың соңына дейін 70 мектеп салу жоспарлануда, деп хабарлайды LS. Үкімет аясында Білім министрі Гани Бейсембаев оқу орындарының құрылысына қатысты жағдайды түсіндірді. «Биыл сыбайлас жемқорлардың ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Бұл үшін құжаттар қазірдің өзінде бар, бізде тізімде де бар. Бірер күні бұл тізімге қолдау көрсетіліп, осы мектептердің құрылысын қаржыландыру…
