Қазақстан уранды ұзақ мерзімді жеткізу туралы Қытаймен келісімге келді
«Қазатомөнеркәсіп» China National Uranium Corporation Limited компаниясымен уранды ұзақ мерзімді жеткізу туралы келісімшартқа отырды, деп хабарлайды LS. Ұлттық компанияның мәліметінше, бұл Қытайдың таза, көміртексіз электр энергиясына деген қажеттілігінің артуын қамтамасыз етеді. Екі ел арасындағы атом саласындағы ұзақ мерзімді қатынастар да нығая түспек. CNUC компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қою Шанхайдағы China International Import Expo 2023…
