
Қазақстандықтарды әлеуметтік әл-ауқаттын бес деңгейіне бөледі
Қазақстандықтар әлеуметтік әл-ауқаттың бірнеше деңгейіне бөлінеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде LS-ке егжей-тегжейі айтылды. Министрліктің ақпараты бойынша, әзірленген жобаға сәйкес ақпараттық ресурс – отбасының цифрлық картасы – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматты режимде айқындайтын болады. Бөлу «Отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесінің» көмегімен жүзеге асырылатын болады. Еңбек министрлігінің…