Жаңа ет жобаларына 152 млрд теңге инвестицияланбақ
Қазақстанда ет шығару бойынша 22 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке ауыл шаруашылығы министрлігінде айтты. Жаңа нысандарды іске қосуды жеке инвесторлар 152,3 млрд теңгеге қаржыландырады. Іске асыру 2023-2026 жылдарға жоспарланған. Ауыл шаруашылығы министрлігінде жергілікті инвесторлардың қатысуымен Маңғыстау және Түркістан облыстарында 22 нысанның екеуі іске қосылғанын атап өтті. Осы жылдың соңына дейін тағы үш жоба…
