
Қазақстанда байланыс сапасын нашарлатқан операторларға айыппұл салынуда
Қазақстандық операторларға нашар байланыс үшін миллиондаған теңгеге айыппұл салынды. Бұл туралы LS-ке цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде хабарлады. Жыл басынан бастап 1 маусымға жоспардан тыс 214 тексеру жүргізіліп, 922 млн теңгеге айыппұл салынды. Алайда, бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 44,8%-ға аз. Сол кезде 1,2 мың тексеру жүргізіліп, 1,67 млрд теңгеге айыппұл жазылған…