Алғаш рет республикалық деңгейде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезі өтті
Білім және ғылым министрі қатысқан жиынның басты мақсаты – оқытудағы жаңа көзқарас пен түйіткілді мәселелерді айқындау. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған тіл мамандары ұсыныстарын ортаға салып, дискуссия құрды.