
Қазақстанда бензин бағасы ЕАЭО елдерінен төмен
Қазақстанда жанар-жағармай бағасы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасындағы ең төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігі хабарлады. Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде АИ-92 бензинінің бағасы Қазақстанға қарағанда 79-139%-ға жоғары деңгейде. Дизель отынының бағасы да 49-57%-ға қымбат. Global Petrol Prices деректеріне сәйкес, Қазақстанда бензиннің орташа бағасы литріне $0,478 (244,3 теңге)…